«Кітапхана түні - 2021»

29 қазан күні 18.00-23.00 аралығында Егемендігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе облысы бойынша бір уақытта барлық облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық кітапханаларда «Кітапхана түні - 2021» әлеуметтік-мәдени шарасы өткізілді.  Ашылу салтанаты Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімі мен Жұртшылықпен байланыс және бұқаралық жұмыс секторы ұйымдастырған «Тәуелсіздікке тарту» атты мерекелік кешпен басталды.«Кітапхана түні - 2021» мәдени шарасы күзгі кештердің бірін, кітапханадағы ең жақсы естеліктер сақталатын тамаша оқиғаға айналдырды. Мәдени шараны Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Балмағамбетова  Мәншүк  Сәлімқызы ашып, жылы лебізін білдірді. «Қазақстандық салалық мәдениет,спорт, туризм және ақпарат  қызметкерлерінің кәсіптік  одағы» Қоғамдық бірлестігінің  Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира  Сәрсембайқызы Табылдинова  мен «Алые паруса» үлгілі жастар театрының  көркемдік  жетекшісі  Киек  Надежда  Николаевна жылы тілектерін жеткізді.
Манғыстау, Атырау, Қызылорда,   Батыс Қазақстан облыстарынан және облыстық  зағип  және  нашар көретін  азаматтардың  арнаулы  кітапханасынан келген  әріптестеріміз  шараның  қонағы  болды. Кітапхана түніне келушілер жаңа кітап, газет-журналдар, қылқалам шеберлері көрмесінің, жергілікті ақын-жазушылармен кездесудің, шеберлік сағаттарының, интеллектуалдық алаңдағы түрлі викториналық ойындардың, сыр-сұхбаттардың, оқырмандар сайысының, мерекелік концерттік бағдарламаның, тақырыптық ойын-сауық кешінің, театрландырылған көріністердің куәсі болды. «GREEN FEST» қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ғарыш әлемі тақырыбында безендірілген Америка бұрышында  жасөспірімдерге арналған қызықты ойындар өткізіліп, фильм көрсетілді. Қаламыздағы танымал «Медиа Про» продюсерлік орталығының өнерпаздары, клуб мүшелері, жастар Кітапхана түнінде өз өнерлерін ортаға салып, ұмытылмас көңіл-күй сыйлады.

baishevabiblioteka 249376039 4691073614270000 1123926262723308098 nbaishevabiblioteka 249386065 362971835580256 3332211782258039986 nbaishevabiblioteka 249534303 252814996905747 2063628692662216937 nbaishevabiblioteka 249635606 334404008450400 2338859260555317766 nbaishevabiblioteka 249901142 418394626690365 2192548935846697895 nbaishevabiblioteka 250228591 236401335142867 3023441473238548610 nbaishevabiblioteka 250808363 203513021915916 107429153983509006 nIMG 0107IMG 0137