«Bookdating» әдеби онлайн сұхбаты

10 қараша күні«Қазақстанның оқырман ұрпағы-2021» акциясы аясында белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, «ДАРЫН» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты  Қалқаман Саринмен  «Bookdating» әдеби онлайн сұхбаты «ZOOM» платформасында тікелей эфирде өткізілді. Тікелей эфир барысында ақынның «Тәуелсіздік», «Мадақтап мінсіз Алланы», «Екеуміз», «Ана», «Күзгі хат», «Бұл өмір» және т.б. өлеңдерін кітапхана оқырмандары А.Утегенова, Е.Шығанақ, Г.Латипбаева, Ж.Тауман, А.Серікова, А.Жанова, Ш.Жеткербаева, А.Дәуренбекқызы,Т.Аяғанов нақышына келтіре оқыды. Сонымен қатар, іс-шараның қонақтары Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Б.Қалмағанбетов, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушысы Б.Жамековақатысып, Қ.Саринге ізгі тілектерін жолдап, шығармашылық толағай табыс тіледі. Сондай-ақ, Р.Жиенғалиев Қ.Сариннің сөзіне жазылған «Аяла» әнін тамылжыта орындады.

Слайд1Слайд2Слайд4