«Ғасыр жырлаған – ғажап ақын» атты әдеби - сазды кеш

3 желтоқсан күні Шығармашылық академиясы залында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жылдығына арналған «Ғасыр жырлаған – ғажап ақын» атты әдеби- сазды кеші өткізілді. Шараға Ақтөбе облысы әкімдігі, зиялы қауым өкілдері, ақындар, журналистер, кітапханашылар қатысты. Әдеби – сазды  кеш  А.Жұбанов атындағы музыкалық колледждің оқытушысы жыршы Жеңіс Елемесов «Жамбылдың ақындарға арнауымен» басталды.
Атаулы күнге орай қараша айының 15 күні облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жамбыл жырлары» облыстық байқауының іріктеу кезеңінен өткен, 35 оқушының ішінен қазылар алқасының шешімімен  І орын  жеңімпаздары атанған Рысқали Айымгүл (Ойыл ауданы), Беркінғалиева Наргиза (Темір ауданы)  және Бақтығалиев Елдос (қалалық орта мектебі) Жамбылдың кешіне арнайы қатыстырылып, Жамбылдың өлеңдерін оқыды. Аталған байқаудың жеңімпаздарын құттықтау және марапаттау үшін сөз кезегі Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеусінова Бұлбұл Ораққызына сөз берілді. Сонымен қатар  белгілі жырау, «Ер Едіге» жыр мектебінің  ұстазы Демеубай Жолымбетов «Көроғлы» эпосының Жамбыл жырлаған нұсқасын» орындады. А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің оқушылары: Ж.Жабаевтың «Үндеу», «Бұлбұл», «Аттандыру», «Егіс жыры», «Қымбатты сый» өлеңдерін оқыды. ҚР мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Б.Зейнелов Н.Тілендиевтің күйі  «Әлқисса» күйін орындаса,   Жәнібек Бейбітов пен Елшат Әуезханов Жамбыл жырларын арқау етіп  айтысты.  А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің оқушысы  Ғани Қайроллаев Ж.Жабаев  «Жаз» термесі,  «Әдеп» халықтық  тобы  Жамбылдың  әні «Угәй-ай» орындады.
Фойеде С.Бәйішев атындағы  Ақтөбе облыстық  әмбебап ғылыми  кітапханасы «Ұлы даланың ұлы жырауы» кітап көрмесін жасақтап, кітапхана қызметкерлері Ш.Жаулыбаева мен А.Мұқашева оқырмандарға жыраудың кітаптарын таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

IMG 0018IMG 0030IMG 5310IMG 5327IMG 5332IMG 5341IMG 5345IMG 5348IMG 5353