«Ақын – ардың айнасы» атты кездесу кеші

14 маусым күні ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері Мырзан Кенжебайдың 75 жас мерейтойына арналған «Ақын – ардың айнасы» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Ертай Ашықбаев, ҚР Мәдениет қайраткері, журналист, ақын Нұрлыбек Қалауов, ақын, сазгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлсамал Аймаханова, ақын, Табылды Досымов атындағы республикалық қоғамдық қорының директоры Бижан Қалмағанбетов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын Жақсылық Айжанов, оқырмандар, кітапханашылар қатысты. Кешті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Талғат Тілеулесов жүргізді. Шара барысында Мырзан Кенжебай қазақ әдебиеті, оның ішінде поэзиясы туралы сөз қозғап, өз шығармашылығынан өлеңдер оқып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Мерейтой иесіне арналып әсем әндер шырқалды. Мырзан Кенжебайдың шығармашылығына арналған «Өнермен өрнектелген өмір жолы» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

IMG 0067IMG 0076IMG 0088IMG 0114IMG 0122IMG 0135IMG 0138IMG 0153IMG 0053