«Ұлтын сүйген ұлы ұстаз»

Биылғы жыл - халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері,ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл және елімізде әр жылы қыркүйек айында  тойланатын «Тіл мерекесі» күні. Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде өткен «Ұлттың ұлы ұстазы» атты танымдық шараға оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкері Г.Б.Бейсова қатысып, «Алғыр бала Ахметтен – ұлт ұстазы Ахаңа дейін» тақырыбында туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған ғұлама ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап берді.Сонымен қатар, абонемент бөлімінің қызметкерлері «Ұлтын сүйген ұлы ұстаз» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.Аталмыш шара барысында мекеме қызметкерлерін көрмеге қойылған А.Байтұрсыновтың «Қазақ тіл білімінің мәселелері», «Әдебиет танытқыш», «Оқу құралы», «Маса» және ақынның көп томдық шығармалар жинағымен, мерзімді басылымдардан алынған тың деректермен кітапханашы, жас маман Ж.Б.Елубаева таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

IMG 20220907 WA0083IMG 20220907 WA0084IMG 20220907 195505IMG 20220907 195640IMG 20220907 195558IMG 20220907 195720