«Ұлттың ұлы жазушысы» атты ғылыми - танымдық кеш

15 қыркүйек күні кітапхана қызметкерлері жазушы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы жазушысы» атты ғылыми - танымдық кешін өткізді. Шараға ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор, Ақтөбе облысының құрметті азаматы Тайжанов Алтай Тайжанұлы қатысып жазушы туралы құнды ойларын ортаға салды. Кітапхананың жас маманы Елубаева Жансұлу Қасым Аманжоловтың «Мұхтар аға» өлеңін оқып берсе, Қалжанова Перизат «Заманның заңғар жазушысы» атты кітап көрмесін дайындап, библиографиялық шолу жасады. Шара соңында көрермендер ҚР оқу ісінің үздігі Қуан Камалхан Қуанұлы мен зейнеткер Сағиев Игілік Барсаевич кеш туралы өз ойларымен бөлісті.

IMG 0001IMG 0011IMG 0017IMG 0020IMG 0025