«Ғалым - өлкетанушы» атты еске алу кеші

2022 жылдың қазан айының 13 күні белгілі ғалым, өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Беркін Құрманбековтің (1952 – 2012) «Ғалым - өлкетанушы» атты 70 жылдығына арналған  еске алу кеші өтті. Өлкетанушы Беркін Құрманбеков туралы қадірменді қонақтар естеліктерімен бөлісті. Әріптесі Мұханбетқалиев Есбол Беркін Құрманбековтің ізденімпаз ғалым екендігін атап өтсе, досы Ахметов Көшкімбай ғалымның тез шешім шығаратын қабілеті туралы баяндады, ал Қ.Жұбанов ат. АӨУ доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Давлетьярова Балжан Хамидуловна ғалым жөнінде жылы естеліктерімен бөлісті. Облыстық халық шығармашылығының қызметкері Сана Жәнібек туған өлке туралы әндерін шырқап, көрермен қауымға патриоттық сезім ұялатты.
«Тарлан» колледж студенттері,  тарих пәнінің мұғалімдері,  мектеп оқушылары, жалпы көрермен қауым шара барысында «Туған  өлкенің  тарихы  сыр шертеді» атты кітап   көрмесімен танысып, белгілі ғалым, өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Беркін Құрманбеков туралы құнды мәліметтер алды. Шараның қорытындысында Беркін Құрманбековтің қызы Айгүл Беркінқызы еске алу кешіне қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ыстық лебізін білдірді.

IMG 0008IMG 0018IMG 0019IMG 0021IMG 0023IMG 0027IMG 0029IMG 0034