«Алаштың Ақселеуі» атты әдеби сағат

8 желтоқсан күні көрнекті ғалым-жазушы, филология ғылымының докторы, профессор, этнограф, журналист, зерттеуші Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің 80 жылдығына орай «Алаштың Ақселеуі» атты әдеби сағаты өтті.
Шарада тарихшы, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері Мырзабай Бекарыстан Боранқұлұлы, Ақтөбе облысының «Құрметті азаматы», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері Асылханов Жайлаубай Жаншаұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Оразаева Жазира Жарасқызы ғалымның еңбектері туралы тағылымды ойларымен бөлісіп, күмбірлете «Қоңыр», «Адай» күйлерін шертіп, оқырмандар ықыласына бөленсе, Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі Динара Шынарбаева қазақтың әсем әндерін тарту етті.

IMG 0045IMG 0047IMG 0050IMG 0052IMG 0054IMG 0057