Тәуелсіздіктің тұғыры биік

7 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздіктің тұғыры биік» тақырыбындағы «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен  кездесу кеші өтті.
Шара басталғанға дейін көрермен қауым «Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысып, библиографиялық шолуын тыңдады. Көрме барысында Қазақстан тарихы құжатынан бастап, Болатбек Төлепбергеннің «Қасиеттім-Желтоқсан» кітабы, Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына арналған Оразақын Асқардың «Азаттық аңсағандар» атты құжат жинағы, Талғат Айтбайұлының 3 томдық «Желтоқсан көтерілісі» жинағы, Желтоқсандықтардың айтылған естеліктері туралы «Желтоқсан-86» жинағы, Ермұханбет Қуандықтың «1 жыл 11 ай 3 күн» кітабы және Аманғазы Кәріпжанәулетіұлының «Желтоқсан сүргіні», Қайрат Рысқұлбековпен бірге 14 жылға сотталған Қайыргелді Күзембаевтың зайыбы Роза Спанова «Біз білетін желтоқсан» кітабында желтоқсандықтардың тартқан азабын отбасының тағдырымен байланыстыра еске алып жазған құжаттар мен т.б. кітаптар, мерзімді басылымдарда жарық көрген Желтоқсан көтерілісі туралы мақалалар мәліметі баяндалды.
№37 орта мектебінің тарих мұғалімі Б.Ш.Асан еліміздің тарихына үңіліп, тәуелсіздіктің бастауы Желтоқсан оқиғасы жөнінде көрермен қауымға мәлімет берді.
Ел азаттығы үшін күрескен азаматтарымыз жадымызда сақталды. «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына биыл 1 жыл толды. Қазіргі таңда бірлестік құрамында 130 жуық адам бар, әр ауданнан филиал ашылған. Ұйымның мақсаты - жастардың отаншылдық сезімін ояту. Осы мақсатта шараға  «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері  Б.Жүнісов, Ә.Тлеужанқызы, Б.Бегайдарқызы, С.Нұрмағанбетқызы, Ш.Бекназарова және «Желтоқсан алауы» ҚБ төрайымы Ж.Омар белсенді түрде ат салысты. Ақын, тілші Азамат Әбілқайыр Тәуелсіздік күніне орай Желтоқсан көтерілісі туралы өзіндік пікірімен бөлісті.
Шара барысында Х.Досмұхамедұлы атындағы №35 ЖОББМ мен «Білім» мектеп-гимназия оқушылары Тәуелсіздік күніне орай мәнерлеп өлеңдер оқыды.
Шараның қорытындысында облыстық Халық Шығармашылығы Орталығының    халықтық  «Әдеп» тобы Ә.Тіналиевтің «Анамның тілі» әні мен Б.Жұмалиннің «Туған елге» деген әндерін шырқап, кітапхана директоры С.М.Хакимова қорытынды сөз сөйледі.

IMG 0009IMG 0011IMG 0025IMG 0026IMG 0043IMG 0044