Батыр, шешен, қолбасшы

 21 ақпан күні кітапхана қызметкерлері Сырым Датұлының 300 жылдығына арналған «Батыр, шешен, қолбасшы» дөңгелек үстелін өткізді. Шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдуллаев Нұртаза Ақишанұлы, тарих ғылымының магистрі, №47 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қалышев Ербатыр Қанатұлы, №36 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бұлбұл Әмірханқызы, Білім Ақтөбе дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Байбосынова Асылай Бекболатовна, №74  қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі  Жабаева Индира Маратовна, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы  Жанбырбаева Жарқынай Нагиметяровна қатысып, Сырым батырдың қазақ тарихында алатын орны туралы жан-жақты талқылап берді. Кітапхана қызметкері Бердыгалиева Нұрлыгүл Орынқызы   «Ерлердің ері – Сырым Датұлы» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

1 1 1 1 1 1