ЕЛ КӨСЕМІ – ЕР ЕСЕТ

 Биыл ұлт мақтанышы Есет Көтібарұлының туғанына 220 жыл толды. Осы атаулы мерейтойға байланысты С.Бәйішев атындағы АОӘҒ кітапханасында «ЕЛ КӨСЕМІ – ЕР ЕСЕТ» тарихи-танымдық шара өтті.Шара барысында Жұманазар Асанов Есет Көтібарұлының өмірбаяны мен әулиелік қасиеті туралы айтты. ZOOM қосымшасы арқылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Самат  Құрманалин сөз сөйлеп, ғылыми жаңалығымен бөлісті.  Сонымен қоса, М.Оспанов атындағы БҚМУ тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жанар Төлепберген,  Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Жаңғабыл Қабақбаев, ақын, ҚР Жазушылар және Журналистер  одағының мүшесі, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Нұрлыбек Қалауов, академик, Халық емшісі, Есет Көтібарұлының ұрпағы Нағипа Мырзабайқызы, журналист, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған кризистік орталығы» КММ директоры Бақыт Жаншаева  қатысты. Шара барысында «Бес ғасыр жырлайды» жинағына енген батырдың өлеңдері оқылды. Сондай-ақ шараға қатысушыларына «Есет батыр – ел есінде» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Соның ішінде З.Байдосұлының «Үш ғасыр перзенттері», Т.Төлепбергеннің «Есет Батыр», С.Құрманалиннің «Кіші жүз және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі (1847-1858)», Ғ.Ахмедовтің «Жем бойында», Т.Төрехановтың «Дала Геркулесі» және т.б. шығармалары оқырмандарға насихатталды. Шара соңында С.Бәйішев атындағы АОӘҒ кітапхана директорының орынбасары Ақтоты Салиева  баяндамашыларға алғыс хат табыстады.

IMG 7798 IMG 7798 IMG 7798 IMG 7798 IMG 7798 IMG 7798