Тума талант табиғаты

 15 қантарда  өнер бойынша әдебиет бөлімі Қазақ бейнелеу өнерінің негізін  салушы, кескіндемеші - график, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері  Ә:Қастеевтің   туғанына  120  жыл толуына орай  «Тума   талант  табиғаты» шығармашылық  сағатын  өткізді.
Шараның мақсаты: Қазақтың тұңғыш кәсіби сурет өнерінің негізін қалаушы Ә.Қастеевтің халқына қалдырған мол мұрасын насихаттау, қазақ халқының  рухани  және материалдық құндылықтарын өнер арқылы дәріптеу, шығармашылыққа  шыңдау.
         Шара барысында қазақтың тұңғыш суретшісі Ә.Қастеев туралы өмірбаяндық  деректер  айтылып, ол жайында бейнеролик көрсетілді. Лицей оқушыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесі және «Тылсым өнердің  танымгері» кітап көрмесі  қойылды.
          Осы аталмыш  шарада  қалалық көркемсурет лицейінің әдіскері Г.Калдыбаева  алғы сөз сөйлеп, қосымша білім беру педагогі Б.Көпжасаров  шығармашылық сағатқа  қатысушыларға  сурет  салудың тылсым құбылыстарымен таныстырып,  акварельді  пейзаждан  шеберлік  класс  жүргізді.
         Шеберлік класс барысында этюд пейзажы орындалды және лицей оқушыларының үздік  туындылары  көрсетіліп,  оның ішінде Ақтөбе көріністері  таңқалдырды. Көрермен  арт-терапия арқылы сурет салып,  жақсы  әсер  алды.
          Көркемсурет  лицейінің оқушылары, «TALANT-light»  қызығушылық  клубының мүшелері, №35 мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары   қатысты. Биылғы  жылы «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясына қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін  Бердібек  Соқпақбаевтың  шығармалары  таңдалды.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1