«Өмірі ойға толы, Қаныш аға...»

10 сәуір күні қазақтан шыққан тұңғыш тау-кен инженер-геологы, қоғам қайраткері, минерология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Ғылым академиясының академигі,Ұлттық ғылым Академиясының негізін қалаушы және Тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл  толуына орай  ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы жастарды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеп, отансүйгіштік сезімдерін арттыру мақсатында «Өмірі ойға толы, Қаныш аға...» дөңгелек үстелі өтті.
  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің құрметті профессоры, ардагер ұстаз С.Д.Өтениязов және «География және туризм» кафедрасының аға оқытушысы А.З.Айдарова,  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінен философия ғылымдарының докторы, профессор А.Т.Тайжанов пен «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті Б.А.Молдин, «Педиатрия» факультетінің 1- курс студенті О.Пирнепесова, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің мұғалімі С.С.Әбдіқалықованың қатысуымен өткен аталмыш шарада Қаныш Имантайұлының мазмұнды, ғылыми жаңалықтарға толы ғұмырында Қазақстан өндірісінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі мен рухани мұрасы  жайында айтылды.
Шара барысында кітапхана оқырмандарының назарына ұйымдастырылған «Тұңғыш геолог, ғұлама ғалым» кітап көрмесіне  библиографиялық шолу жасалып, «Қазақтың Қанышы» атты бейне баян көрсетілді. Сонымен қатар, «Сегіз қырлы, бір сырлы» ғалымның сүйіп тыңдайтын А.Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін «Арай» өнер мектебінің шәкірті М.Мырзагереева орындап, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің оқушылары ғалымға арналған ақындардың арнау өлеңдерін тарту етті.
Шараға қатысушылар: Ақтөбе облысының мәдениет,  архивтер және құжаттама басқармасы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Қоғамдық пәндер» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп-лицейінің мұғалімдері, оқушылары, кітапхана оқырмандары.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1