С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы мен Актөбе қаласының Қалалық көркемсурет лицейі – ЮНЕСКО Клубы бірлесіп «КІТАП Fest 2024» фестивалі аясында суретші, әрі оқытушы Русановская Светлана Валентиновнаның «Слон в оранжевом берете» тақырыбында шығармашылық кешін өткізді.
Мақсаты – әдеби көркем поэзиялық туындыларды оқи отыра, балалардың ой қиялын дамыту; өскелең ұрпақты шығармашылықпен айналысуға тарту, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті, эстетикалық талғамды дамыту. Шығармашылық кеш барысында Светлана Валентиновна өзінің шығармашылық жолы туралы, бейнлеу өнерімен қатар балаларға арнап өлең жолдарын жазып жүргендігі туралы сыр бөлісті. Өзінің өлеңдерін оқыды. Кездесу барысында көркемсурет лицейінің әдіскері Калдыбаева Гүляим Умбетярқызы қатысушыларға Светлана Валентиновнаның таңдауға 5 түрлі балаларға арналған өлең шумақтарын беріп, сурет салуларын ұсынып, шеберлік сағатын өткізді. Қатысушылар сурет салып, өнерден жақсы әсер алды. Сонымен қатар, С.В.Русановскаяның балаларға арналған өлең шумақтарына салынған лицей оқушыларының салған суреттерінің көрмесі қойылды. Көркемсурет лицейінің оқушылары, оқытушылары және «TALANT-light» қызығушылық клубының мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты.