Семинар аясында ұйымдастырылған «Ұлт ұйтқысы – Ұлттық құрылтай» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде «Аманат» партиясы Ақтөбе филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі А.М.Сахиев «Адал адам – адал еңбек – адал табыс – озық әрі табысты елге айналудың басты кілті», Ырғыз аудандық орталық кітапханасының құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Ә.Х.Қартанова «Озық ойлы ұлт болудың жолы – кітап оқу», Байғанин аудандық орталық кітапханасының құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Ш.Ж.Жаулыбаева «Ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар», Ойыл аудандық орталық кітапханасының электронды каталог редакторы Ж.Е.Батырғалиева «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» тақырыптарында баяндама оқыды. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөз болған ұлттық құндылық, ұрпақ тәрбиесі, қоғамдық сана мәселелері талқыланды. «Ұлттық құрылтай: «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» кітап көрмесі жасақталды.Шара барысында кітапхана қызметкерлеріне Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушы магистрі Сара Ғабитқызы «Тұлғаны дамыту» тренингін өткізді.
Шараның екінші бөлімі «Цифрлық дәуірдегі кітапхана қорлары: дәстүрлі және электрондық ресурстар, жинақтау, пайдалану» семинар -практикумымен жалғасты.
Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі
«Кітап қорын толықтырудың дәстүрлі және инновациялық жолдары»,
Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі «Кітапханадағы
ақпараттық – библиографиялық қызмет: электронды каталогтарды
құрастыру және жүргізу әдісі», Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі «Кітаптарды цифрландыру кітапхана жұмысының негізгі бағыты» тақырыптарында теориялық, тәжірибелік сабақ өткізді.
Шараға облыстық, қалалық, аудандық кітапханалардың кітап қорын толықтыру бөлімінің қызметкерлері, библиографтар және программистер қатысты.