6 қыркүйек күні «Шекарасыз әдебиет» халықаралық жобасы аясында Ақтөбе қаласының 155 жылдығына, Орынбор губерниясының 280 жылдығы және Орынбор облысының 90 жылдығына арналған «Достық пен ізгілік мерекесі» атты онлайн кездесуі ұйымдастырылды.
Шараға Н.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Светлана Мячина мен Ульяновск орталық кітапханасы директорының цифрландыру жөніндегі орынбасары Александра Буйлина қатысты.
Сондай-ақ, Н.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызмет көрсету секторының меңгерушісі Екатерина Косцова Орынбор губерниясы мен Орынбор облысының тарихын айтып, «Оренбуржье» бейнефильмін ұсынды. Н.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану бөлімінің меңгерушісі Айгүл Утевалиева «Казахские имена на карте Оренбурга» фото-тарихи слайдымен таныстырды.
Шара барысында оқырмандар ақтөбелік суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ақын Ирина Құрманалина мен оның жары, суретші Алмас Құрманалинмен кездесті. Сонымен қатар, орынборлық ақын, прозаик, драматург, журналист Павел Рыковпен сұхбаттасты.
«Visit Aktobe» КММ туристік ақпарат бөлімінің қызметкері Аружан Рахметалина «Локации Aktobe» слайдымен таныстырды. «Алые паруса» театр студиясының мүшелері Аяулым Наурызбаева мен Яна Курочкина Саға Жиенбаевтың «Моя любовь» өленің орындады.
Кітапханашылар Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай фойеде Ирина Құрманалинаның суреттер галереясын ұйымдастырды.
Шара соңында ақтөбелік ақын Светлана Русановская құттықтау сөз сөйледі. Кітапхана директоры Сұлушаш Хакимова келген қонақтарға алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.