15 тамыз күні кітапханада «Бір ел –бір кітап» республикалық акциясы аясында балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» диско-лекциясы өтті. Мақсаты – оқырмандар арасында кітап оқу мәртебесін көтеру, қызығушылықтарын ояту, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандарға «Абай TV» телеарнасы түсірген «Жәдігер» бағдарламасынан үзінділер ұсынылып, Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, қаламгердің «Менің атым Қожа» атты повесі желісімен қазақ режиссері Абдолла Қарсақбаев түсірген фильмнен үзінділер көрсетіліп, кітапханашы Рысжан Карагулова 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде арнаулы жүлдеге ие болғаны, 2022 жылы елордадағы «Жетісу» саябағында «Менің атым – Қожа» кітабының бас кейіпкері Қожаға ескерткіш орнатылғаны туралы айтып берді. Шара барысында кітапхана қызметкері Айгерім Жасанова «Берен талант Бердібек» кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді. Мәдени шара соныңда белгілі ақын Тұманбай Молдағалиевтың сөзіне жазылған дарынды композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Туған ел» әні орындалды.