«Ел рухын көтерген батырлар»

        5 мамыр күні кітапхана қызметкерлері Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының Батырлары Рауф Ибрагимұлы Кутуев  пен Иманғали Тәукешұлы Білтабановтың туғанына 100 жыл және генерал-лейтенант Жансен Кереевтің туғанына 95 жыл толуына орай  «Ел рухын көтерген батырлар» дөңгелек үстел  өткізді.   Аталмыш шараға Еңбек майданының ардагері Ғ.М.Қамысбаев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Тарих және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Н.С. Аликулова, «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.К.Ботағарин, И.Т.Білтабановтың туысы С.Білтабанов, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті «Қоғамдық – гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті Б.А.Молдин, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Жоғары колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.М.Мырзагарина және Темір ауданынан Ж.Кереев атындағы ЖОББМ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  ZOOM қосымшасы арқылы Н.Ж.Бақытжанова қатысып, азаматтардың ұрыс даласында және еңбек майданында жеңіске қосқан үлестерін, өмір жолдарын баяндап берді.    

     Шараға    99235 әскери бөлімі Аумақтық қорғаныс бригадасы, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің Жоғары және «Дүние» көпсалалы колледждерінің оқытушылары мен студенттері,  «Ардагер» қоғамдық бірлестігі мен «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшелері, И.Т.Білтабановтың жерлестері мен туыстары, кітапхана оқырмандары қатысты.

        Шара барысында кітапхана оқырмандарының назарына ұйымдастырылған «Тұлға тағылымы» атты кітап көрмесіне кітапханашы   Ә.Төлегенова библиографиялық шолу жасап, И.Т.Білтабанов пен Р.И.Кутуевтің ерліктеріне және генерал-лейтенант Жансен Кереевтің  өмір жолына арналған бейне баяндар көрсетілді. 

       Сонымен қатар, генерал-лейтенант Жансен Кереевтің болмысы жайында көз көрген шара қонақтары естеліктерімен бөлісіп,  Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің Жоғары колледж студенттері   Е.Ермұхан М.Мақатаевтың «Жеңіс!»,  Д.Мұхамбет А.Асылбектің «Жеңіс!», Н.А.Аққу өз шығармашылығынан «Есіңде ме?» арнау өлеңдерін оқып берді.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1