Семсер сөзді сатирик

Бүгін кітапханада Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сатирик Мұхтар Шеріммен «Семсер сөзді сатирик» кездесу кеші өтіп, қаламгердің «Супер бетсіздер» сатиралық романы таныстырылды. Аталған шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жүзеге асқан «KitapTime» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында өткізіліп отыр.

Кездесу кешіне ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Гүлімай Әбішқызы, журналист, сатирик, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ардақ Қонақбаева, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Екі езу» әзіл-сықақ театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан, «Екі Езу» әзіл-сықақ театры және оқырман жастар қатысты.

Кеш барысында Мұхтар Жұмашұлының жаңа сатиралық романының тұсауы кесіліп, оқырман қауымға жол тартты. Кеш иесі өзінің өмірлік көзқарасы, шығармашылық ұстанымы жайлы әңгімеледі. «Екі Езу» театры автордың «Құлай бергім келеді» интермедиясын сахналап, қатысушыларға керемет көңіл күй сыйлады. Сонай-ақ «Махаббат бағы» әні шырқалды. Сатириктің шығармашылығына арналған «Күлкіден қуат, әзілден шуақ» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Кездесу кешін қорытындылаған кітапхана директоры Сұлушаш Хакимова бүгінгі күні кітап оқудың маңызды екенін тілге тиек етіп, қаламгердің иығына шапан жауып, шығармашылығына толағай табыстар тіледі.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1