Ұлттық дәстүрден ұлағат

Халықаралық композиторлар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Ақтөбе педагогикалық институтының профессоры Мақсым Менкешовтің «Ұлттық дәстүрден ұлағат» кітабының таныстырылымы өтті.

Шараға «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы Отыншин Раукен, «Baishev Education Group» корпорациясының президенті, философия ғылымдарының докторы, профессоры Ахан Бекежан, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Ақтөбе облысындағы өкілі Құрманқұлов Бауыржан, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Қалмағанбетов Бижан қатысты.

Шара аясында «Анама хат» әнін @aqtobe_philharmonic әншісі Б.Балмағанбетова, «Күзгі серенада» әнін @dramateatr_aqtobe актерлері А.Жарденбекқызы мен Д.Сейсенбек орындады.«Балауса» әнін «Тамсан» тобы тарту етсе, «Туған ел» әнін Б.Жанықұлова, «Сенім» әнін әнші Д.Жұмахметов орындады. Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртістері Т.Өтебай мен Н.Бейсенбаева «Сарайшық саздары Абат-Байтақ» күйін орындады.

«Әнмен өрілген өмір» атты кітап көрмесі жасақталып, «Атырау энциклопедиясы», сазгердің Ақтөбе 2007 жылы басылып шыққан «Балауса» әндер жинағы, ноталары мен қойылым сценарийлерінің түп нұсқалары, ғылыми еңбектері туралы БАҚ құралдарында әр жылдары жарияланған мақалалары қойылды.

Шараға өнер қайраткерлері, автордың шәкірттері,«Балауса» ансамблінің мүшелері, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ студенттері, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледж студенттері, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармония, облыстық Т.Ахтанов атындағы драма театрының қызметкерлері, Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңес мүшелері қатысты.

1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2