https://fadisma.com.br/

https://scatterhitam.id/

https://sekupanglogistics.com/

situs toto

situs toto

https://swjournal.az/

https://internationaljournals.org/

https://eduzonejournal.com/

https://journalofmedical.org/

https://www.erpublications.com/

https://mathedu.web.id/

Slot88

https://jurnal.saburai.id/

situs toto

situs toto 4d

ROKOKBET

slot bet 200

scatter hitam

situs toto

rokokbet

situs toto macau

rokokbet

rokokbet

rokokbet

rokokbet

situs toto

scatter hitam

rokokbet

SLOT PALING GACOR

SCATTER HITAM

SITUS TOTO SLOT

slot 10k

SItus Toto
Rokokbet
https://cigarweekly.com/
Slot Gacor hari ini
«Журналист. Ғалым. Дипломат»әдеби кеш
«Журналист. Ғалым. Дипломат»әдеби кеш

27 ақпан күні филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, Қазақстанның құрметті журналисі, бейімбеттанушы ғалым, сыртқы саясат саласының еңбек ардагері, дипломат Серікқали Байменшенің мерейлі 70 жасқа толуына арналған «Журналист. Ғалым. Дипломат» әдеби кеш өтті.

Әдеби кешкеАқтөбе  облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Назимат Демешова, ҚР Журналистер одағының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, «Ақтөбе-Медиа» ЖШС-ның директоры Раукен Отыншин, Қазақстанның құрметті журналисі, Ақпарат саласының үзідігі Жанғабыл Қабақбаев, ақын, «Құрмет» ордені, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ертай Ашықбаев, Қазақстанның құрметті журналисі Аманқос Орынғалиев, Қазақстанның құрметті журналисі Ғалымжан Төреханов, өңірге белгілі қаламгерлер және кітапхана оқырмандары қатысты.

Шалқар ауданында дүниеге келген қаламгердің ғылыми ізденісі, жазу өнеріндегі еңбегі, аударма саласына қосқан орасан үлесі жайлы үзеңгілес, замандас журналистер кеңінен айтты. 2025 жылы жарық көрген «Тілге тілмаш» және «Тары тариххаты» кітаптары ақтөбелік оқырмандарға таныстырылды. Кеш иесі онлайн сипатта байланыс жасап, өзінің журналист боп қалыптасу кезеңі, шығармашылық жолы турасындағы сауалдарға жауап берді.

Шара барысында ауылдастары Жексен Көптілеуов, Ғазиза Аминова және қарындасы Айнұр Байменше ізгі тілектерін жеткізді. Қазанғаптанушы, күйші Нұрболат Жанаманов Қазанғаптың күйлерін күмбірлетсе, Ақтөбе облыстық өнер мүзейінің директоры Гүлжан Қонаева «Шалқар вальсі» әнін әуелете шырқады.

Сонымен бірге кітапхана қызметкерлері Рысжан Карагулова, Аманжол Исламғали  қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған «Сергек қалам иесі» кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

Әдеби кешті қорытындылаған кітапхана директоры Сұлушаш Хакимова қаламгердің өз қолымен тарту еткен рухани мұраларының кітапхана қорында сақталып, оқырмандардың игілігіне пайдаланылатынын жеткізді.

WhatsApp Image 2026 03 10 at 125128WhatsApp Image 2026 03 10 at 142344WhatsApp Image 2026 03 10 at 142410WhatsApp Image 2026 03 10 at 1424223