С.Бәйішев атындағы
Ақтөбе облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасы
- Ақылдылардың сөздерін
жаттаған адам
өзі ақылды болады.
Ұранды елдің-ұрпағы қайсар
item->images); ?> image_intro) && !empty($imageObject->image_intro)){?>

         24 мамырда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Ұлт-азаттық қозғалыстың белсенді ұйымдастырушылары, ержүрек батырлар Бекет Серкебайұлы мен Ерназар Кенжалыұлының ерліктеріне  арналған «Ұранды елдің-ұрпағы қайсар» тарихи тағылымдық кеш өткізді.
«Батырлардың тарихи деректерге тіркелуі» тақырыбында сөз сөйлеген еңбек ардагері, Қазақстанның үздік өлкетанушысы Мухамбетулин Аманғали Маханұлы және Қазақстан Республикасы  журналистер одағының мүшесі, ақпарат саласының үздігі, еңбек ардагері – Қабақбаев Жанғабыл Жұмағалиұлы сонау бір замандарда, қаптаған қалың жауға қасқая қарсы тұрып,  жас өмірлерін өлімге қиған батырлар Бекет Серкебайұлы мен Ерназар Кенжалыұлының  өмірлері мен ерліктері жайында ойларын ортаға салды.    
        Батырлар туралы бізге жеткен құнды дерек-жасындай жарқылдап өткен аз өмірлері арқылы халқының санасына өшпестей із қалдырған, ел-жұртының айрықша қастерлеп, арнап шығарған «Бекет батыр» тарихи жырының шығу тарихын жыршы ЖолымбетовДемеубай Құрмашұлы әңгімелеп, жырды орындады.
      Ақтөбе гуманитарлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Қарғабаева Айгүл Бақытбекқызы Қазанғаптың батырларға арнап жазған күйлерінің шығу тарихына тоқталып, «Шырылдатпа» күйін нақышына келтіріп орындап берді.
       Батырлардың тікелей ұрпақтары Аманқос Мақатов, Жайшылық Шадин, Қуандық Шаймағамбетов батыр бабаларын мақтан тұтатындарын жеткізіп, зерттеушілер мен шара ұйымдастырушыларға  ризашылық білдірді.
        Шара барысында қатысушылар мен оқырмандардың назарына «Ел қорғаған батырлар ерлігі-ұрпаққа мұра» кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ерназар мен Бекет батырлардың өмірдерегін сипаттайтын слайд көрсетілді.         Шараға Қ.Жұбанов атындағы колледж оқытушылары мен студенттері, қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері және мәдениет қызметкерлері қатысты.

IMG 8656 IMG 8678 IMG 8678 IMG 8687 IMG 8690 IMG 8707