ТАЛАНТ ПЕН ТҰТАСТЫҚ

28 қыркүйек күні жазушы, публицист, аудармашы Өтебай Қанахиннің туғанына 100 жыл толуына орай «ТАЛАНТ ПЕН ТҰТАСТЫҚ» атты конференциясы өтті.
Конференцияға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, ҚР Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов пен Нұржан Қуантайұлы, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Ертай Ашықбаев, ҚР Құрметті журналисі, өлкетанушы Рахымжан Өтеміс, ҚР Өлкетанушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Бекарыстан Мырзабай, «Тағзым», «Әке аманаты» атты тарихи кітаптарының авторы Әбдірахманов Талғат Жұмашұлы, гуманитарлық ғылым магистрі Гүлжайнар Алашбаева, Өтебай Қанахиннің інісі Абзал Байман, туыстары Рима Абетова және т.б. белгілі тұлғалар қатысты.
Шара барысында әлем бойынша ең ірі телерадиокорпорация «BBC» («Би-Би-Си»)  1989 жылы тамыз айында  түсірген, жазушы Өтебай Қанахиннің өз басынан өткен 1932 жылғы Қазақ жеріндегі ашаршылық туралы естеліктері ұсынылды.
«Кең тынысты суреткер» атты кітап көрмесінің библиографиялық шолуы ұсынылды. Кітап көрмесіне жазушының белгілі шығармалары қойылды. Оның ішінде «Мұрагер», «Ауыр күндерде», «Құдірет», «Қарт сарбаз хикаясы» және т.б. кітаптар қойылды. Сонымен қатар «Ақтөбе - құтты мекен», «Ақтөбе - батырлар мекені» тақырыбындағы кітап көрмесіне Ақтөбе өңірінің тарихы мен тұлғалары туралы кітаптар қойылды.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1