Әуе тарланы Виктор Пацаев

     16 маусым күні тұңғыш астроном, ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры Виктор Пацаевтың 90 жылдығына орай «ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінде»  «Әуе тарланы Виктор Пацаев» атты ақпарат сағаты өтті.
    Шарада «ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің» Тәрбие және Әлеуметтік Құқықтық бөлімінің аға көмекшісі, капитан Алтыншаш Балтабайқызы мен Ақтөбе облыстық Планетарий қызметкері Шахадат Сакенқызы сөз сөйлесе, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 3 курс студенттері Ләззат Өтепбаева кітап көрмесінің библиографиялық шолу жүргізді. Көрме барысында сарбаздарға ғарышкер туралы бірнеше кітаптар насихатталды. Соның ішінде В.Пацаевтың қарындасы Галина Пацаеваның «Тюльпаны и звезды», «Отвага исканий» және «Самғау» кітаптары кеңінен аталды. «Самғау» кітабында ғарышкердің балалық шағы, Ақтөбе мен Пензадағы мектеп, институтта оқыған жылдары, сол уақыттағы достары туралы және оның жас кездегі космосты зерттеу жөніндегі  мақсатын орындауына қалай қолдау көрсеткені жайлы қызықты сыр шертілген.
    Нагима Елеуханова ақын, сазгер, аудармашы, тележурналист, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» Гүлсамал Аймаханованың «Жер серігі» өлеңін сарбаздарға мәнерлеп оқып берді. Шара соңында өлкетану әдебиет бөлімінің меңгерушісі Бақытгүл Снабаева қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс хат табыстады.

1 1 1 1 1 1 1 1