С.Бәйішев атындағы
Ақтөбе облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасы
- Ақылдылардың сөздерін
жаттаған адам
өзі ақылды болады.
Расул Гамзатов – певец добра и человечности
item->images); ?> image_intro) && !empty($imageObject->image_intro)){?>

      12 қазан күні  «Расул Гамзатов қоры» қоғамдық бірлестігімен (РФ, Дағыстан Республикасы) «Литература без границ»   жобасы аясында дағыстандық ақыны Расул Гамзатовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Расул Гамзатов – певец добра и человечности» атты халықаралық онлайн кеш ұйымдастырды.
    Шараның мақсаты – оқырмандарға дағыстан ақыны Р.Гамзатовтың өмірі мен құнды шығармашылығын таныстыра отырып, толыққанды мәліметтер беру. Ақын шы­ғармалары арқылы жас ұрпақты отан­сүйгіштікке, адамгершілікке, мейірділікке тәр­биелеу, поэзияға қызығушылықтарын арттыру. Мәдениетаралық диалогты дамыту және халық арасындағы өзара түсіністікті  нығайту.
    Кешке Расул Гамзатов Қорының директоры  Магомед Гаджимурадович Гайдарбегов, (РФ, Дағыстан Республикасы),  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сарапшысы, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Бекзат Смағұлов, ақын Малика Тугилова, Ақтөбе облыстық  Дағыстан халықтарының  «Дағыстан» этномәдени қоғамының төрағасы  Даази Омаров, «Актюбинский вестник»  облыстық газетінің тілшісі Татьяна Виноградова және т.б. қатысып, кітапхана оқырмандары Роберт Косовский, Лаура Базарбай, Мадина Құлбаева, Әділжан Темірболат Расула Ғамзатовтың «Берегите матерей», «Берегите друзей», «Я в сотни девушек влюблен», өлеңдерін, қазақ тіліндегі «Сары жапырақ» аудармаларын оқыды. Сондай-ақ, Диана, Рузана Сүлеймановтар авар тілінде өлең оқып, Р.Гамзатовтың сөзіне жазылған «Журавли» әнің орындап берді.
      Шара барысында кітапхана қызметкерлері Р.Гамзатовтың шығармашылығына арналған «Мы живем, чтобы оставить след...» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіп, «Наш Дагестан» слайд ұсынды.

1 1 1 1 1 1 1 1 1