Ақ борандай дүлдүл ақын

       22 ақпан күні қазақ әдебиетінде ерекше орын алған талантты ақын әрі аудармашы, журналист,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі І. Мәмбетовтің 95 жылдығына арналған «Ақ борандай дүлдүл ақын» поэзия кеші өтті.
        Шарада Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Ұ.Молдағалиева алғы сөз сөйлесе, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы, Ақтөбе облыстық филиалының директоры Б.Құрманқұлов пен ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Үш таған» журналының бас редакторы Е.Ашықбаев, ақын, Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі Т.Тілеулес лирик ақын І.Мәмбетовтің шығармашылығы жөнінде тұшымды әңгіме айтты.
      Астана қаласынан ZOOM платформасы арқылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті қазақ және орыс тілдері кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Т.Тоқсанбаева қаламгердің аудармашылық қырын егжей-тегжейлі зерттеуді ұсынды. Эпик ақынның жақын туыстары Р.Байтасова, Г.Қабиқызы, Г.Алғабайқызы  естеліктерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.
      Сонымен қатар, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі Г.Әбішқызы өз «Мәмбетов әні мәңгілік болсын ...» арнауын оқып, І.Мәмбетов атындағы Алға аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі А.Ізтлеуова  кітапханаға ақынның есімін беру тарихын, «Ізтай оқулары» оқу байқауы және өзге де шаралар  жөнінде атап өтті.
      Шара барысында кітапхана қызметкерлері І.Мәмбетовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Табанталдан шыққан талант» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізіп,  фото-шежіре слайд, «AQTÓBE» телеарнасы түсірген І.Мәмбетов туралы бейнежазба ұсынды. Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі «КТ-215» тобының студенттері І.Мәмбетовтің асыл мұрасынан жыр шертіп, К.Симоновтан аударған әйгілі «Жди меня, и я вернусь ...»,  неміс ақыны Гейнеден аударған  «Гимн» өлеңдерін паш етті.
Кітапхана оқырманы Б.Алламбергенов ақынның «Мен ақынмын» өлеңін оқып берді.
      Поэзия кешінде Ақтөбе музыкалық колледжінің студенті  А.Айдарғалиқызы І.Мәмбетовтің сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Қаракөз» әсем әнің шырқап берсе, І.Мәмбетовтің сөзіне жазылған, елімізге белгілі композитор, ҚР мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері О.Байсеңгірдің  «Ақын монологы» әні тыңдалды.
     Бұл шара туралы жергілікті «AQTÓBE»,  «РИКА ТВ» телеарналар «Жаңалықтар» бағдарламасында жария етті.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1