6 мамыр күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды музейімен бірлесіп Жеңіс күніне арналған «Ақтөбе батырлары» атты тарихи сағаты ұйымдастырылды.
Тарихи сағатқа ақтөбелік батырлар Әлия Молдағұлованың, Малкеждар Бөкенбаевтың және Ұлы Отан соғысына қатысушылары Әбдірахман Сармисовтің, Мұхамбетқали Сарбасовтың, Нұржан Медетовтың, Влас Сысоенконың (312 атқыштар дивизиясыың жауынгері) ұрпақтары қатысты.
Шарада батырлардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, Ақтөбе облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс сұрақтары бойынша көмекшісі полковник Әділбек Құлтаев, облыстық Қорғаныс Істер Департаменті және облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов, «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорының төрағасы Гумер Галеев пен Мәскеу қаласындағы «Ақтөбелік жерлестер» Ресей қоғамдық бірлестігі директорының орынбасары Асылбек Тулешов сөз сөйледі. Сонымен қатар, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Анайы Нұрлангелдіқызы, Әлия Молдағұлованың ұрпақтары Сапар Молдағұлов пен Әрия Хабиева, Малкеждар Бөкенбаевтың ұрпақтары Марат Радифұлы, Сәдуақас Қалтаевтың ұрпағы Елена Қалтаева, Сейтекен Әлиевтың қызы Орал Өтепова, Влас Сысоенконың қызы Раиса Додик, Мұхамбетқали Сарбасовтың ұлы Батырхан Сарбасов қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Шара барысында Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі Мейірбек Тәжіғұлов «Қазағым қасиетіңнен айналайын» әнің, Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің студенті Айдарғалиқызы Айдана «Әлия» әнің, «Арай» өнер мектебінің оқушысы Мадияр Мырзагереев «Отан» әнің орындап берсе, кітапхана оқырмандары Аружан Жанова, Утегенова Гүлдана, Лайықова Әсем, Серікова Аружан Мұхтар Құрманалиннің «Батыр аға бейнесі», Бауыржан Құрманқұловтың «Майдангерлер келеді» өлеңдерін оқыды.
Кітапхана қызметкерлері Рысжан Карагулова, Балагүл Бакиева «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа -өнеге» кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізіп, оқырмандар қауымына Ұлы Отан соғысына байланысты әдебиеттер ұсынды. Сондай-ақ, ақтөбеліктердің елеулі үлестері туралы мәлімет берілді. Шара «Батырлар Алаңына» гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.