Жобалар

Құрметті оқырмандар! «Бір ел – бір кітап» акциясы және «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында өскелең ұрпақтың кітап оқу мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында  «AQTO'BE» телеарнасымен бірлескен «Ой маржаны-кітап» атты үздік медиа жобасына қатысуға шақырамыз!

img051img052img053

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы – Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» романы таңдалды.

«Оқитын өлке - 2026» облыстық акциясы аясында  қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері –Бәкір Тәжібаевтың және Ертай Ашықбаевтың шығармашылығы  таңдалды.

            17 ақпан күні «Оқитын өлке» облыстық акция аясындаақын, драматург, әнші, сазгер Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жылдығына арналған «Жырым – пырағым» әдеби кеші өтті.

          Аталған шараға «Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмаз Жантикенов, ақынның жерлес туысы Сайлаш Сағиева, «INVA PARK» инклюзивті қызметтер индустриясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Гүлмирам Сражева және мүгедектер қоғамының мүшелері қатысып, әдеби кештің мазмұны мен маңызы, ақын шығармашылығының ерекшелігі, ой көркемдігі мен сөз сиқыры жайында ой-пікірлерін ортаға салды.