Новые книги

Дойл А-К.

Загадка Старка Манро:повесть/Артур Конан Дойл; пер. С анг.В.Михалюка; сост.серии ипослесл.С.Реутова; худож.А.Печенежский, Г.Печенежская.-Харьков: Книжный Клуб «Клуб Семейного Досуга»; Белгород: ООО «Книжный клуб» «Клуб семейного досуга», 2017с.:ил.-(Серия «Весь Шерлок Холмс»)

Беркімбаева Ә.

Дәуіт атайдың ертегілері: аңыз-әңгімелер/ Ә.Беркімбаева. -Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021.-84б.

Бұл оқиға Жоңғар алатауының етегінде, Бүйен өзені ағып жататын кішкентай бір ауылда болған еді. Ел басына қиын заман туған кез. Соғыстан қайтқан ер адамдар саусақпен санарлықтай еді, сойтіп, бар ауыртпалық әйелдер мен балаларға түсті.

В тридевятом царстве.-Ростов-на-Дону: Издательский дом «Пров-Пресс», 2012.-128 с.,цв.ил.(серия «Читаем детям». «Читаем малышам»)

Айзат Рақыш

Балалықтың соңғы күзі (хикаялар мен әңгімелер) –Нұр-Сұлтан: «Big Dream» баспасы, 2021 ж. -228 бет.

    Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдегі ұлт әдебиеттің бір өкілі, жазушы, сыншы, драматург, журналист-Айзат Рақыш әдебиетке өз болмысын бедерлеп, әлі ауызға түсе қоймаған тың тіркестермен келді. Қоғамда бұрқ еткен мәселелерді қаламгер Айзат қырағылығымен сүзіп алып, алғашқылардың бірі болып жаза білді.

   Жазушының көркем тілмен көмкеріліп, бай идеялармен айшықталған бұл жинағы ойы терең, рухы ерен оқырмандарға арналған.

Кумисбайұлы Ш.

Бабамдай болғым келеді...шағын хикаят/ Шәкен Кумисбайұлы-Алматы: «Балалар әдебеті»,2021.-240б.

     Белгілі балалар жазушысы Шәкен Кумисбайұлының жаңа туындысы «Бабамдай болғым келеді» деп аталады. Кітап бір хикаят, балаларға арналған көптеген әңгімелерден, ертегілерден тұрады.Уақыттың жаңа өзгерістеріне сай хикаят пен әңгімелердің тақырыбы да әр алуан. Негізгі мақсат:- жас өскіннің Отанына деген суйіспеншілігін ояту, бала психололгиясын уақытқа сай қалыптастыру, тәрбиелеу, жақсылыққа, амандылыққа баулу, десек ,шүбәсіз шындық.

Шағатай Ж.

  Ауылдың кішкентай археологтары: Жаңабек Шағатай. Алматы., «Асыл сөз» баспасы., 2021.-240 бет.

   Белгілі қаламгер Жаңабек Шағатай өзіндік ойлы өрнегі, сыршыл әрі көркем жазу машығымен ерекшелетін жазушы. Ол аз жазса да, саз жазатындығынан ешқашан айныған емес. Автордың «Ауылдың кішкентай археологтары» кітабы жас кейіпкерлердің біртіндеп өсіп, есею сатыларына арналған. Ж.Шағатай Қазақстан Жазушылар одағы М. Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері. Кітаптың тілі жатық, барлық жастағыларға да бірдей ұғынықты.

Алдар көсе/Құраст. Г.Ақжолова. -Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021.-144б.,ил.

Алдар көсе- қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Аңыз-әңгімелерде өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Алдар көсе қазақтың  нанымында халықтың қамқоршысы ретінде белгілі. Оның әр қараекеті бай, менменсоқ, зорлықшыл адамдардың  тәубесін есіне түсіріп, ақылмен алдап, ел алдында масқаралап, халық қошеметіне бөленген. Ол сараңдығы үшін халық Шықбермес шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын   мініп, қызын алады; алыпсатар саудагерлердің алдынан өгіздерін айдап  кетеді.

Алдар көсе- түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркімен т.б) әдебиетіне ортақ тұлға. Бұл Алдар көсе жайындағы аңыз-әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді.Оның өмірде болғанын,  қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ.

Жинақта алдар туралы  әңгімелер беріліп. Суреттермен безендірілген.Оқуға тілі жеңіл, оқиға қызықты.

Салықбай Ә.

Айдана мен Ақжолтай. Әңгімелер мен хикаяттар/ Әділбек Салықбай.-Алматы: «Томирис 21», 2021. -192 бет,

Жан дос! Бұл кітапқа өздерің сияқты балдырғандарға арналған бір топ шығарма енген.Осынау шап-шағын әңгімелер мен хикаяттарды зер сала оқысаң, Айдана,Асылтай, Құралай, Нұрәділ, Санжар және Нартай есімді жаңа достар табарың анық.Айдана мен Құралай сені сұлулық пенізгілікке шақырса, Нұрәділ, Санжар және Нартай есімді достарың табандылық пен төзімділікті, қайсарлық пен ыждағаттылықты үлгі етеді. Тек өзің жақсыдапн уйреніп,  жаманнан жиренуге жалықпасаң болғаны.

   Автор  басқа да шығармаларындағы ұлттық бояуға бай, ізгілікке іңкәр кейіпкерлері  арқылы өзің сияқты балғын оқырмандарды ізгілікке, имандылыққа, жасампаздыққа үндейді.

Бельгер Герольд

Волк и Чапа и другие/ Г.Бельрер-Алматы, «Балалар әдебиеті», 2021, 160 стр.

Этот сборник,составленный из произведений, написанных в разное время, об обычных людях, о беспокойном племени человеком –о детях, о зверят и тд..Они и находят выход из них, радуются и печалятся.И прежде всего,они рассказывают о «Велекой любви» к казахской степи, ставшей родной для автора,немца по нацинальности, уроженца Росии, волею судеб оказавшегося в Казахстане.