Алдар Көсе

Алдар көсе/Құраст. Г.Ақжолова. -Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021.-144б.,ил.

Алдар көсе- қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Аңыз-әңгімелерде өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Алдар көсе қазақтың  нанымында халықтың қамқоршысы ретінде белгілі. Оның әр қараекеті бай, менменсоқ, зорлықшыл адамдардың  тәубесін есіне түсіріп, ақылмен алдап, ел алдында масқаралап, халық қошеметіне бөленген. Ол сараңдығы үшін халық Шықбермес шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын   мініп, қызын алады; алыпсатар саудагерлердің алдынан өгіздерін айдап  кетеді.

Алдар көсе- түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркімен т.б) әдебиетіне ортақ тұлға. Бұл Алдар көсе жайындағы аңыз-әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді.Оның өмірде болғанын,  қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ.

Жинақта алдар туралы  әңгімелер беріліп. Суреттермен безендірілген.Оқуға тілі жеңіл, оқиға қызықты.