Жаңалықтар

18 ақпан күні өлкетану әдебиеттер бөлімінде «Тарихы терең Ақтөбе!» жобасы аясында ҚР Мәдениет қайраткері, журналист, өнер зерттеушісі, ақын-драматург Нұрлыбек Қалауовтың шығармашылығына арналған «Ардагер азамат, ардақты ақын» атты жыр кеші ZOOM платформасында өтті.

28 қаңтар күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттер бөлімінде «Оқитын өлке - 2021» облыстық акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға «Жыл кітабын» таңдау бойынша ұйымдастыру комитетінің алқа мәжілісі өткізілді. Аталмыш акция Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2011 жылдан бастап өткізіліп келеді. Сараптама нәтижесінде көпшілік оқуға Е.Ашықбаев, Ә.Кердері, Б.Тәжібаев, А.Өтегенов, Р.Мир-Хайдаров, Ө.Қанахин, С.Мыңжасарова, Т.Шонанов, Б.Күлеев, М.Айымбетов шығармалары ұсынылды.

    27 қаңтар күні Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы @aqtobe.madeniet мен Алға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Алға аудандық І.Мәмбетов атындағы балалар кітапханасы @alga.iztai.bib, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі мен @aqtobe_muzei С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесе отырып, батыр қыз Сапура Мәтенқызының өмірі мен батырлық жолын насихаттап, ұлықтау мақсатында ақын, журналист, аудармашы І.Мәмбетовтің «Көктемір» дастаны бойынша «Жаңғырудың жарқын жолы» атты тарихи танымдық сағатын ZOOM платформасы арқылы өткізді.

   С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының коворкинг орталығында журналист, психолог Арайлым Букенбаеваның «Тұлға психологиясы» атты тренингі өтті.

   20 қаңтарда  коворкинг орталығында Мәдениет саласының үздігі, зергер Ерқосай Әбіловтің шеберлік сағаты өтті.

    18 қаңтар күні  кітапханамыздың «Қаламгер» әдеби қонақжайында Шопықұлы Қалнияз жыраудың «Ер Қармыс» атты кітабының тұсаукесері өтті.

     13 қаңтарда жас өнертанушы, күйші, Ш.Айтматов атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы «Қазанғап, өмір жайлауы» кітабының тұсаукесері өтті.