Жаңалықтар

10 қараша күні«Қазақстанның оқырман ұрпағы-2021» акциясы аясында белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, «ДАРЫН» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты  Қалқаман Саринмен  «Bookdating» әдеби онлайн сұхбаты «ZOOM» платформасында тікелей эфирде өткізілді.

5 қараша күні кітапханада Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, тарихшы-ғалым, профессор Закраддин Байдосов атындағы кабинеттің ашылуы өтті. Ғалымның өзі қатысқан жиынды Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Юнисова Алтынай Юнисқызы ашты. Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, Мәдениет қайраткері Еркін Жолмырзаұлы Құрманбек, Қ. Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің ұжымы атынан Мұхтаров Сабыржан Сағидуллаұлы сөз сөйлеп, ғалымның осы кезге дейін атқарған ғылыми еңбегіне зор бағасын беріп, ашылған кабинеттің ғылым іздеген жастарға өте қажет екенін айтты. Бұл кабинетте Закраддин Байдосовтың тұтынған заттарымен қатар, сонау жылдардағы майшаммен оқыған 1500 дана құнды кітаптары мен ғылыми еңбектері бар.

4 қараша «Қаламгер» әдеби қонақжайында елімізге белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-сатирик Төрежан Мәндібайдың «ҚАЗЫҒҰРТ-ҚОРАСАН» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш шарада кітаптың шығуына демеушілік көрсеткен елге белгілі кәсіпкер, меценат Бақытжан Олжабайұлы, жазушының баласы Ақансері Төрежанұлы және филология ғылымдарының докторы, профессор Жұманазар Асан мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «ЕКІ ЕЗУ» сатира театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан сөз сөйлеп, автордың шығармасына жоғары баға берді.Сөз кезегінде автор шығармашылығы жайлы жастарға әңгімелеп, жастарды кітап оқуға шақырды. Кітапхана директоры Раймбаева Құралай Серікқызы кітапхана ұжымы атынан шараға қатысушыларға алғысын айтып, авторға құрмет көрсетті.

29 қазан күні 18.00-23.00 аралығында Егемендігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе облысы бойынша бір уақытта барлық облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық кітапханаларда «Кітапхана түні - 2021» әлеуметтік-мәдени шарасы өткізілді.  Ашылу салтанаты Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімі мен Жұртшылықпен байланыс және бұқаралық жұмыс секторы ұйымдастырған «Тәуелсіздікке тарту» атты мерекелік кешпен басталды.

Облыстық кітапхананың «Қаламгер» әдеби қонақжайында Алты алашқа аты мәлім, даланың дана философы атанған  Мөңке Тілеуұлының шығармалары Түркияның Стамбул қаласында түрік тілінде басылып шыққан кітаптың тұсаукесері өтті.
Бұл шараға Алматы қаласынан кітаптың шығуына тікелей себепкер болған түрік ғалымы Мехмет Арсылан, «Мөңке би» қоғамдық қорының төрағасы  Бақытжан Қосанов  мырзалар өз құттықтауларын бейне жазба арқылы жеткізді. 

21 қазан күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында ақын, сазгер, драматург Исраил Сапарбайдың 80 жасқа толуына орай  «Мен – Өлеңмін, Өлмеуім керек менің...» атты әдеби сағат өткізілді. Шараға «Руханият» клубының мүшелері, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.М.Адилова және колледж студенттері қатысты.

13 қазан күні оқу залы бөлімшесінің қызметкерлері  18 қазан – Халықаралық рухани келісім күніне орай бабалар мұрасы – салт-дәстүріміз бен асыл дінімізді көздің қарашығындай сақтап, қас­терлеуге шақыру мақсатында «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында ойталқы шарасын өткізді. Шара қонақтары «Нұрғасыр» мешітінің наиб имамы  Мухаммедисмаил  Шадман , «Аңсар» кеңес беру -  оңалту орталығының теологы  Бейсембаева Роза Бақытқызы  қоғам үшін өзекті діни мәселелерді арқау еткен сұрақтар төңірегінде жауап беріп, ұлттық мүддемізді қорғап, ана тілінде сөйлеп, салт-дәстүрімізді қастерлеу – парызымыз екенін жәнеосы ағартушылық жұмыстар барысында атқарылып келген және алдыңғы игі істер жөнінде  ойларын жеткізді.

13 қазан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында әйгілі дихан, тары өсіруден бүгінге дейін ешкім қайталамаған Дүниежүзілік рекордтың иесі, ғылым тілінде «Болмасты болдырған адам» деп аталатын тұлға Шығанақ Берсеевтің туғанына 140 жыл (1881-1944) толуына орай «Ақ тарының Атасы» тақырыбында танымдық кеш өткізілді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Азаттықтың ақ таңы» атты  республикалық әдеби онлайн марафонын жариялаймыз! 18-30 жас аралығындағы кітапхана оқырмандары қатыса алады. Бұрын еш жерде жарияланбаған Ел Тәуелсіздігіне арналған өлеңін, эссе немесе мақаласын ұсыну қажет. Шығармашылық жұмыстар 1 қазан – 15 қараша аралығында  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық  поштасында  қабылданады. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады. Толығырақ ақпарат: www.baishev.kz 8(7132)23-01-09, 23-79-99 Ватсап  87078954094 Мұқашева Ақмарал.

5 қазан күні мұғалімдер күніне арналған «Учитель – мастер и творец...» атты Ақтөбе қаласының №23 мектеп лицейінің ағылшын тілі мұғалімі, «Почётный работник образования», «Лучший учитель Казахстана 2012», «Человек года Актюбинской области 2015 года» атақтарының иегері Наталья Александровна Пеннермен кездесу өтті.