Жаңалықтар

14 шілде күні «Қаламгер» әдеби қонақжайында елімізге белгілі ақын Айбек Қалмағанбетовтың қатысуымен «Жылыойдың жыр жүйрігі» атты әдеби кеш өтті. Кешті С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Талғат Тілеулесов жүргізіп, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қордың директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Бижан Қалмағанбетов, Айбек ақынның балалық шағының куәсі болған досы Нұркен Бөлтеков сөз сөйлеп, ақынға жылы лебіздерін білдірді.

17 маусым күні «KIDS BOOK FEST - 2022» балалар кітап фестивалі аясында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен, қайталанбас дауысымен әлем сахнасын бағындырған әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Халықтың сүйікті әншісі – Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген» атты республикалық эссе байқауының марапаттау кеші өтті.

14 маусым күні ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері Мырзан Кенжебайдың 75 жас мерейтойына арналған «Ақын – ардың айнасы» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Ертай Ашықбаев, ҚР Мәдениет қайраткері, журналист, ақын Нұрлыбек Қалауов, ақын, сазгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлсамал Аймаханова, ақын, Табылды Досымов атындағы республикалық қоғамдық қорының директоры Бижан Қалмағанбетов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын Жақсылық Айжанов, оқырмандар, кітапханашылар қатысты.

2022 жыл – Балалар жылына орай Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Ақтөбе облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Абай гүлзарында кітап оқу дәстүрін арттыру мақсатында «KIDS BOOK FEST - 2022» балалар кітап фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Ақтөбе облысының әкімі О.С.Оразалин, облыс әкімінің орынбасары Б.О.Елеусінова, зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары, облыстық, қалалық, аудандық кітапханалар ұжымы қатысты.

20 мамыр күні кітапхананың абонементтік қамтамасыз ету бөлімі  №69 ЖББО мектебімен бірлесе отырып «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында жалпыұлттық оқуға таңдалған  Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Алаштың ардақтысы» атты әдеби сағатын өткізді. Шараның алғысөзі  №69 ЖББО мектебінің директоры Абжалелова Айгүл Амангелдіқызына берілді.

11 мамыр күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Коворкинг» орталығында 15 мамыр - халықаралық отбасы күні аясында Тукабаевтар отбасымен «Шаңырақ шаттығы» атты отбасылық кездесу-сұхбаты өткізілді. 15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі. Бұл күнді белгілеу- отбасындағы көптеген түйткілді мәселелердің шешілуін көздейді.

22 сәуір күні сағат 18.00 - 21.00 аралығында «YMYRTTAĞY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасы өтті. Кеш барысында кітапхана келушілерге әдеттегі жұмыс уақытынан кейін, яғни кешқұрым есігін айқара ашты. Шараның негізгі мақсаты - кітапхана ісін дамыту, кәсіби ынтымақтастық құрылымдарда қоғаммен байланыс жасау, сонымен қатар кітап оқуды насихаттау және бос уақытты мазмұнды өткізу арқылы жаңашылдыққа бет бұру.

19 сәуір күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Коворкинг» орталығында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Ар – ақиқаттың айнасы» атты сұхбат ұйымдастырылды. Жобаның басты мақсаты - ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерлету, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

14 сәуір күні «Ой маржаны-кітап» атты медиа жобасы және «Қазақстанның оқырман ұрпағы» акциясы аясында филология ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» қауымдастығының Кеңес мүшесі, журналист, «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен - Looking west. A Kazakh’s view of Great Britain» кітабының авторы Қанат Әуесбаймен «Bookdating» әдеби онлайн сұхбаты Zoom платформасында тікелей эфирде өткізілді.

7 сәуір күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Коворкинг» орталығында «Тандем» радиосының тілшісі, «Айсын» радиожурналистика мектебінің жетекшісі Байтакова Айсын Мурсинқызының «Сөйлеу шеберлігі» атты ораторлық сағаты өткізілді. Ораторлық сағат барысында дұрыс сөйлеу, шешендік өнер туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, дауыс пен дыбыс ырғағын қолданудың тиімді тәсілдері айтылды. Сауатты жазумен қатар, шебер сөйлей білу де өнер. Іс-шараға қатысқан оқырмандар ораторлық шеберлік туралы Айсын Мурсинқызы айтқан сөйлеу шеберлігі дағдыларымен таныса отырып, дикцияны қоя білудің әдіс-тәсілдерін үйренді.