Жаңалықтар

30 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына  орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіз Қазақстан» атты  ұлттық кітап фестивалі өткізілді. Бұл күні кітапхана оқырмандар мен қонақтарына өз есігін айқара ашып, танымдық әрі қызықты бағдарламасын ұсынды. Кітап фестивалі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дайындалған кітап шеруімен басталды.

С.Бәйішев  атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «2021 жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы»  болып жариялануына орай «Балалар әлемі: Кітаптан  өмірлік мұратқа» тақырыбында  ашық алаң шарасын өткізді.

28 қыркүйек кемеңгер жазушы - Мұхтар Әуезовтің туған күні. Осы орайда «Парасат жолы» жобасы аясында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бірлесе филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Айгүл Ісмақовамен «ZOOM» платформасында «Әлем таныған Әуезов» атты онлайн әдеби сұхбатын өткізді.

23 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін «Әдебиет - жан нұры» атты әдеби сағатын өткізді. Әдеби сағат барысында жалпыұлттық оқылымға таңдалған кітаптар насихатталып, библиографиялық шолу өткізілді.

23 қыркүйек күні кітапхана мәжіліс залында С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бірлесуімен «Адалдық – ардың айнасы» атты дөңгелек үстел өтті.

22 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  «Кітап  оқуды жетілдірудің заманауи әдістері: жаңа мүмкіндіктері» атты батыс аймақтық онлайн-семинар Zoom платформасында өткізілді. Шараға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары кітапханаларының мамандары қатысты.

9 қыркүйек күні кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйек күні «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында студенттер арасында түсіндіру жұмысы өтті. Президент өз жолдауында: «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша талқылау жиыны өтті. Жолдау – бұл мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық жоспары. Бұл жоспардан қоғамның әр мүшесі өзінің болашағына бағдар және міндеттеме алады.

18 тамыз күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасаттылық пен адалдық – табысты өмірдің кепілі» атты дөңгелек үстел онлайн форматында өтті. Алғашқы сөз кезегінде кітапхана директоры Қ.С.Раймбаева  облыс кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтары бойынша атқарылған шараларға тоқталса, шара қонақтары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы М.Д.Абекенов, анықтау және іздестіру бөлімшесінің бастығы, заң мәселелері бойынша бөлім бастығының орынбасары, подполковник Л.Ж.Нугаева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті екеніндігін айтып өтті.

10 тамыз – Хакім Абайдың туған күні. Осы күн қарсаңында «Мен Абайды оқимын» акциясы аясында «Абай  - ұлы даланың мызғымас темірқазығы» атты әдеби қонақжайы  өткізілді. Кітапхананың белсенді оқырмандары Утегенова Мариям , Жеткірбай Ақниет, Бекмырза Бекжан, Болат Нұрхан, Болат Бейбарыс, Қалмағамбетова Ақсамал, Амантай Ақбота, Аскарова Айбике Абайдың өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.