Жаңалықтар

4 маусымда  С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімшесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Мемлекеттік Рәміздер күніне арнап Zoom қосымшасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылық» атты дөңгелек үстел өткізді. Шараның мақсаты: Қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, қазақстандықтардың Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.

18 мамыр күні кітапхананың оқу залы қызметкерлері Чернобыль апатының 35 жылдық тарихына орай   ұйымдастырған «Зардаптары толастамаған Чернобыль» атты облыстық байқауының жеңімпаздарын  марапаттау  рәсімін өткізді.Чернобыль апатындай алпауыт апаттың болуын еш ел қаламайды. Бейбіт, тыныш заманды қалайтын халыққа ядролық энергияның зияны тимесе    екен деп, апат салдарын болдырмау үшін  жас ұрпақты  іс-шараларға араластыру арқылы Чернобыль зардаптары, экологиялық тақырыптар жайында танымдық білімдерін көтеру мақсатында   «С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен   Чернобыль апатының 35 жылдық тарихына орай «Зардаптары толастамаған Чернобыль» атты облыстық байқауын ұйымдастырған болатын.

15 мамыр күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ақтөбе – алтын бесігім» атты жазғы шығармашылық маусымның ашылуына байланысты Сулы-жасыл бульварда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы», күйші Жайлау Асылхановпен «Әке – отбасы тірегі» атты кездесу кеші өтті.

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында XIX ғасырда ұлт азаттығы жолында күрескен Исатай Тайманұлының 230 жылдығына орайластырылған «Ел қорғаған Ер Исатай» атты тарихи - танымдық шарасы ZOOM қосымшасында өтті. Шараға құрметті қонақ болып Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарихшы-исатайтанушы А.Шамғонов қатысып, тарихи деректерге сүйене отырып Исатай Тайманұлының өмірі мен тарих беттеріндегі орасан зор қызметі мен беделі туралы айтқан тұшымды әңгімелері Ақтөбе аудандық, қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің қызметкерлері мен оқырмандарына кеңінен жеткізілді.

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының негізгі қорды сақтау  бөлімінің  қызметкерлері ағымдағы жылдың  14 мамырынан қыркүйек айлары аралығында  «Ақтөбе-алтын бесігім» атты жазғы шығармашылық маусымының ашылуына байланысты, ақтөбеліктерге тамаша көңіл - күй сыйлау, халық арасында «Еркін микрофон»  форматында халықтың  бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мақсатына орай   қаламыздың Сулы – жасыл бульварында  ақтөбелік ақын - жазушылардың шығармашылығына арналған және  олардың рухани асыл мұраларын оқырман қауымға  насихаттау барысында    «Жергілікті ақын - жазушылар мұрасы, болашақ ұрпақ қазынасы»  атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

С.Бәйішев  атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2021 жыл «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында ZOOM қосымшасында 11 мамыр күні «Балалар әдебиеті-ұрпақ тәрбиесінің талбесігі» атты облыстық семинары өтті. Іс-тәжірбие алмасу мақсатын көздеген облыстық семинарын С.Бәйішев атындағы АОӘҒ  кітапхана  директоры Раймбаева  Құралай Серікқызы ашты.

«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» айтулы мерекесіне орай Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Жарасқан Ырғызымның ынтымағы» атты аудандық конференциясы ZOOM қосымшасында өткізілді.
Конференцияға С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Б.Снабаева қатысып, «Бірлік пен татулық – ел тұтастығының кепілі» тақырыбында Тәуелсіздікті, елдегі татулық пен келісімді күшейтуге Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының 1995 жылы жарыққа шыққан жарлығына сәйкес бүгінгі күнгі тарихы мен айрықша қызметіне баяндама жасады.

14 сәуір күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында Мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің 130 жылдық мерейтойына орай «Алаш деп туған арысым» атты тарихи танымдық шарасы өткізілді.
Кітапхана қабырғасының zoom-online қосымшасында өткен танымдық шарасында өз заманындағы қазақ мемлекетін құрған Ұ.Құлымбетовтің Қазақстанға сіңірген еңбегі, қазақ тарихындағы орны қандай, оның тұлғалық қасиеті қалай танылды секілді мәселелер кеңінен баяндалды.

19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік» ұлттық спорт күні аясында кітапхананың өлкетану әдебиеттер бөлімі ҚР самбо және дзюдодан еңбегі сіңген жаттықтырушы, КСРО спорт шебері, ҚР спорт қайраткері, Халықаралық төреші - Асылбек Құлмағамбетов және ҚР бокстан еңбегі сіңген жаттықтырушы, КСРО спорт шебері, ҚР спорт қайраткері, 2001-2003 ж.ж. ҚР үздік бапкері - Әлімбек Балмағамбетовтің қатысуымен «Шынықсаң шымыр боларсың» атты ZOOM қосымшасында әңгіме-сұхбатын өткізді.

18 наурыз күні «Литература без границ»  жобасы аясында Ульяновск қаласының Е. А. Евтушенко атындағы №4 қалалық кітапханамен кезекті оnline-кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты - Ақтөбе (ҚР) және Ульяновск (РФ) қалаларының әдеби бірлестіктерінің жазушылары мен ақындарын таныстыру және қарым-қатынас жасау, сондай-ақ Ульяновск және Ақтөбе кітапханаларының кітапханашыларымен тәжірибе алмасу.