- 336
16 ақпан күні сатирик, журналист Әлімбай Ізбайдың туғанына 65 жыл толуына орай «ӘЗІЛ ӘЛЕМІНІҢ ӘЛІМБАЙЫ» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Оқырмандарға «Артында жақсы сөз қалған» тақырыбындағы кітап көрмесінің библиографиялық шолуы жүргізілді. Оқырмандарға қаламгердің «Қырық үш күндік кемдік» әзіл әңгімелер жинағы, «Жәдігер. Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы», «Ақтөбе журналистері» анықтамалық жинағы, Ізбай Әлімбайдың шығармалары кірген «Ақтөбе кітапханасы» сериясымен жарық көрген 45 томы оқуға ұсынылды.
Журналист, сатирик қаламгер Әлімбай Ізбайдың жақындары, достары, әріптестері және Бағатай Ізтаев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Жаңғабыл Қабақбаев, «Шалқар ауданының Құрметті азаматы», Қазақстанның Құрметті журналисі Нұрмухамбет Дияров, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Аманқос Орынғали, ақын, сатирик Ардақ Қонақбаева, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, «Екі Езу» әзіл-сықақ театрының директоры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Нұрлыбек Жұбатқан өз естеліктерімен бөлісті.
- 241
14 ақпан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері 15 ақпан-Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай бүгінгі жастарға Ауған соғысына қатысып, абыроймен елге оралған ағалардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген мақсатпен «Ауған соғысында от кешкендер» атты кездесу кешін өткізді.
Кеш барысында Ауған соғысы интернационалист-жауынгерлерлерінің Ақтөбе облыстық қоғамдық бірлестігінің орынбасары Амангелді Бәйішұлы Жұмабеков пен ардагерлер Руслан Нұрқасымұлы Кенжегарин және Жанбулат Серікбайұлы Урманов жастарға өздерін таныстырып, 18-19 жастарында әскер қатарына алынып, Ауғанстан жерінде өткен естеліктерімен бөлісті. Интернационалист-жауынгерлер жас ұрпаққа Отан қорғау - ер азаматтың қасиетті борышы екендігін жеткізумен қатар, әскерде бірге болған замандастарының ерліктерін мақтан етіп, ала бағанның арғы жағына қалдырған қарулас жолдастарын үнсіздікпен еске алды.
Өткенін ескермеген өшеді, өткенін қастерлеген өседі,-демекші, берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгері бүгін біздің ортамызда. Яғни, Ауған соғысының қиян кескі кешегі тарихын бейнелейтін деректі фильмдер көптеп көрсетілуде.
- 249
21 желтоқсан күні «Ой маржаны – кітап» медиа жобасы аясында «Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» тақырыбында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, ұстаз Марат Әйтімовпен кездесу өтті. Шараға №51 мектеп-гимназиясының 10-11 сынып оқушылары мен Еуропалық экономика, бизнес және құқық колледж студенттері қатысты.
- 296
13 желтоқсан күні жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері, «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазинаға мерейлі 80 жас толуына орай шығармашылығына арналған «Қайсар қызы халқының» тақырыбындағы әдеби кеш ұйымдастырылды.
- 286
8 желтоқсан күні көрнекті ғалым-жазушы, филология ғылымының докторы, профессор, этнограф, журналист, зерттеуші Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің 80 жылдығына орай «Алаштың Ақселеуі» атты әдеби сағаты өтті.
- 317
7 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздіктің тұғыры биік» тақырыбындағы «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесу кеші өтті.
- 496
24 қараша күні «Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары: жоспарлау және есеп беру» тақырыбында кітапханашылар арасында облыстық семинар-кеңес өтті. Семинар барысында кітапхананың жылдық жоспары мен есебінің жүргізілуінде туындайтын мәселелер талқыға салынды. Кітапхананың жұмысын жоспарлау және оған негізделген есеп беру - бұл негізгі көрсеткіштерді белгілейтін, бағыттайтын және тіркейтін құжаттар болып табылады.
- 464
15 қараша күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасымен бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, күйші Момын Нұрпейісұлы Байғаниннің туғанына 85 жыл толуына орай «Өмірі күймен өрілген» атты өмір мен шығармашылығын насихаттауға арналған еске алу кеші өтті.
- 329
Республика күні қарсаңында 21 қазанда кітапхана ісін дамыту, кәсіби ынтымақтастық құрылымдарда қоғаммен байланыс жасау, сонымен қатар оқуды насихаттау және бос уақытты мазмұнды өткізуде жаңашылдыққа іздену мақсатында «Ымырттағы кітапхана - күзгі кездесу 2022» әлеуметтік-мәдени шарасы ұйымдастырылды.
«Абонемент» бөлімі еркін форматта поэзияны сүйетін студенттермен «Поэзия Party» өткізді. Кеш қонақтары жазушы Б. Тәжібаев атындағы номинация иегері – Алихан Жақсылық, жас ақын, Қ. Мұхамбетқалиұлы атындағы номинация иегері – Нұрдаулет Кабасов студенттермен сұхбаттасып, өздерінің жүрек жарды тілектерін айтты. Ақтөбе гуманитарлық колледжі мен АГУ Тарлан колледжінің студенттері қатысты. Поэзия кешіне қатысушылар еркін тақырыптағы өлеңдер оқыды: махаббат, күз, табиғат т. б.





.png)










