- 308
19 сәуір күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Коворкинг» орталығында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Ар – ақиқаттың айнасы» атты сұхбат ұйымдастырылды. Жобаның басты мақсаты - ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерлету, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
- 310
14 сәуір күні «Ой маржаны-кітап» атты медиа жобасы және «Қазақстанның оқырман ұрпағы» акциясы аясында филология ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» қауымдастығының Кеңес мүшесі, журналист, «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен - Looking west. A Kazakh’s view of Great Britain» кітабының авторы Қанат Әуесбаймен «Bookdating» әдеби онлайн сұхбаты Zoom платформасында тікелей эфирде өткізілді.
- 368
7 сәуір күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Коворкинг» орталығында «Тандем» радиосының тілшісі, «Айсын» радиожурналистика мектебінің жетекшісі Байтакова Айсын Мурсинқызының «Сөйлеу шеберлігі» атты ораторлық сағаты өткізілді. Ораторлық сағат барысында дұрыс сөйлеу, шешендік өнер туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, дауыс пен дыбыс ырғағын қолданудың тиімді тәсілдері айтылды. Сауатты жазумен қатар, шебер сөйлей білу де өнер. Іс-шараға қатысқан оқырмандар ораторлық шеберлік туралы Айсын Мурсинқызы айтқан сөйлеу шеберлігі дағдыларымен таныса отырып, дикцияны қоя білудің әдіс-тәсілдерін үйренді.
- 320
7 сәуір күні мәжіліс залында Бүкіл әлемдік денсаулық күніне орай салауатты өмір салтына аса мән беріп, өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында «Бар байлығым - ол менің денсаулығым» тақырыбында қалалық №3 емханасының дәрігерлерімен кездесу өтті. Аталмыш шараға «Әйелдер кеңесінің» меңгерушісі, акушер-гинеколог А.У.Телякусова, дәрігер-терапевт А.Н.Тугелова және психолог А.С. Бабакулова қатысып, Ақтөбе медициналық колледжінің студенттерімен сыр-сұхбат ретінде өтті.
- 321
30 наурыз күні ақын Төлеген Айбергеновтің 85 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы» атты республикалық конференциясы өткізілді. Республикалық конференцияның алғы сөзі белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ашықбаевқа берілді. ZOOM платформасы арқылы конференцияға қатысқан ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Журналистика академиясының және Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ұлттық академиясының корреспендия мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Бауыржан Жақып ақынның өмірі мен шығармашылығына, ақын өлеңдерінің ерекшелігіне тоқталды, ал филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Т.Айбергеновтің қызы Салтанат Айбергенова әкесі тірі кезіндегі, яғни бабалық шағындағы естеліктермен бөлісе отырып мәңгілік жасайтын талантына бас иетін оқырмандары барына қуанатынын жеткізді.
- 307
29 наурыз күні мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Табылды Досымов» атындағы республикалық қорының директоры Б.Қ.Қалмағанбетов, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясы жанындағы отбасы, әйелдер мен балалар құқығын қорғау жөніндегі аймақтық комиссияның төрайымы Б.Қ.Жаншаева, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Егемен Қазақстан газетінің тілшісі Б.Қ.Сәрсембина, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Р.Балтымова қатысып, Жолдаудың 10 бағыты бойынша тоқталып, тұшымды әңгімелері жастарға үлгі болатындай әсер қалдырды.
- 546
18 наурыз күні Жыл басы – Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған апталықтың «Шаттық күніне» орай «Ұлттық киім -ұрпаққа мұра» атты ұлттық киімдер дефилесін өткізді. Қазақ халқының киім мәдениетінен мол мағлұмат беріп, ұлттық киімдердің үздік үлгілерін көрсетіп, насихаттау мақсатында өткізілген шараға мәдениет саласының қызметкерлері, Ақтөбе сервис колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
- 322
16 наурыз күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымының ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына орай «Наурыз-думан» атты мерекелік шарасы өткізілді. Шара барысында ұлтымыздың тамыры болып саналатын ұлттық құндылықтарымыз бен мәңгі өшпес салт-дәстүрлеріміз насихатталды. Кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен бүгінгі таңда ұмыт болып бара жатқан «Бие қысырамас», «Құрсақшашу», «Ашамайға мінгізу», «Абысын асы» салт-дәстүрлері көрсетіліп, әсем әндер шырқалып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Мың бір мақал» сайысы, викториналық ойындар ойнатылды.
- 343
4 наурыз күні кітапхананың өлкетану әдебиеттер бөлімі Ақтөбе облысы құрылғанына 90 жыл толуына (1932 ж.) арналған «Тарих толқынындағы Ақтөбе өңірі» атты танымдық конференциясын өткізді. Танымдық конференцияның алғы сөзі Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Мейірханқызына берілді. Г.Маханова: «Ұлт рухын өсіріп, халық аманатын ақтаған тұлғалардың өнегесін кейінге мұра етіп қалдырып, көнеден қалған өлкеміздің тарихын, экономикасын, әдебиеті мен мәдениетін, жалпы 90 жылдық тарихы бар Ақтебе өңірінің кешегі мен бүгінгі көрінісін өскелең ұрпақтың қазынасына айналдыру мақсатында кітапхананның өткізіп жатқан бүгінгі конференциясы игі істердің бірі» - деп атап өтті.
- 310
3 наурыз күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері әнші, республикалық байқаулардың лауреаты, «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшесі, «Арай» өнер мектебінің директоры Арайлым Абатқызы Мырзабековамен «Өнерім-өмірім» атты мерекелік кешін ұйымдастырды. Кеш барысында Арайлым Абатқызы кітапхана оқырмандарын өмірбаянымен кәсіби жолын және жас ұрпақтың бойындағы дарындылықтарын ұштау, бос уақытын тиімді пайдалану, өнердегі шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ашылған «Арай» өнер мектебінің жұмысымен таныстырды.




.png)










