- 269
28 сәуірде оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі елі мен жері үшін намыс туын биік ұстаған, ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардағы ұлт азаттық қозғалысының «Алтын сапты, алмас қылышты» қолбасшысы Сәрке батырға арналған «Қазақтың халық батыры-Сәрке батыр» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Ресейдің Челябинск қаласынан зум қосымшасы арқылы қосылған «Азамат» қазақ қоғамы төрағасының орынбасары Мельс Жетпісбаев Сәрке батырдың қиын-қыстау кезеңде жауларға қарсы шығып башқұрт халқын қолдап, қорғауы жайында ойын ортаға салды.
- 260
Биыл ұлт мақтанышы Есет Көтібарұлының туғанына 220 жыл толды. Осы атаулы мерейтойға байланысты С.Бәйішев атындағы АОӘҒ кітапханасында «ЕЛ КӨСЕМІ – ЕР ЕСЕТ» тарихи-танымдық шара өтті.Шара барысында Жұманазар Асанов Есет Көтібарұлының өмірбаяны мен әулиелік қасиеті туралы айтты. ZOOM қосымшасы арқылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Самат Құрманалин сөз сөйлеп, ғылыми жаңалығымен бөлісті. Сонымен қоса, М.Оспанов атындағы БҚМУ тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жанар Төлепберген, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Жаңғабыл Қабақбаев, ақын, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Нұрлыбек Қалауов, академик, Халық емшісі, Есет Көтібарұлының ұрпағы Нағипа Мырзабайқызы, журналист, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған кризистік орталығы» КММ директоры Бақыт Жаншаева қатысты. Шара барысында «Бес ғасыр жырлайды» жинағына енген батырдың өлеңдері оқылды. Сондай-ақ шараға қатысушыларына «Есет батыр – ел есінде» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Соның ішінде З.Байдосұлының «Үш ғасыр перзенттері», Т.Төлепбергеннің «Есет Батыр», С.Құрманалиннің «Кіші жүз және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі (1847-1858)», Ғ.Ахмедовтің «Жем бойында», Т.Төрехановтың «Дала Геркулесі» және т.б. шығармалары оқырмандарға насихатталды. Шара соңында С.Бәйішев атындағы АОӘҒ кітапхана директорының орынбасары Ақтоты Салиева баяндамашыларға алғыс хат табыстады.
- 293
21 сәуір күні Ақын Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған «Бала жанының бағбаны»республикалық конференциясы өтті.
Шараға ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ахатұлы Ашықбаев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Талғат Бұрханұлы Тілеулесов, М.Әлімбаев атындағы №25 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Нұрмұханова Мереке Ерлановна, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі Саламат Гаухар, Халықаралық Журналистер одағының мүшесі, кітапхана оқырманы Сабырғалиев Нұрлыбек қатысты.
Кеш қонақтары ZOOM платформасымен Павлодар қаласы М.Әлімбаев атындағы мектеп кітапханашысы Мұсабаева Ләззат Қазтаевна, Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханашысы мектепке дейінгі және бастауыш сыныптардағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Алиева Мөлдір Ермекбайқызы қосылды.
Шара барысында «Өлең кернеп барады жүрегімді» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
- 271
Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Ульяновск қаласының №4 Е.Евтушенко атындағы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық бюджеттік мәдениет мекемесімен «Шекарасыз әдебиет» жобасы аясында онлайн кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты - әдеби бірлестіктердің ынтымақтастығы мен достығы, жазушылар мен ақындардың шығармашылығымен таныстыру.
Баяндамашылар: Е.Евтушенко атындағы №4 мамандандырылған кітапханасының бөлім меңгерушісі Т.Андрюкова, Ульяновск МБУК ОКЖ №1 «Өнер әлемі» мамандандырылған кітапханасының меңгерушісі Н.Никитина, Е.Евтушенко атындағы №4 кітапхананың жетекші кітапханашысы М.Киселева, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Б.Снабаева, ақын, журналистика саласының ардагері М.Түгілова, ҚОХУ Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доценті Е.Емельянова, «№17 гимназия» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Хабарова, А.Ермекова атындағы «№23 ЖОМ» кітапхана меңгерушісі О.Гаращенко.
- 246
18 сәуір күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Адам жанының суреткері» республикалық онлайн конференциясы өткізілді.Конференцияға ZOOM платформасы арқылы Орал қаласынан Академик, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану академиясының мүше корреспонденті, филология ғылымдарының докторы , профессор Мұсаев Алпысбай Мұсаұлы, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Қараманова Жанат, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Дүйсембаева Ботакөз, А.Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасы негізгі кітап қоры бөлімінің меңгерушісі Сералиева Гүлзира қосылды.
- 261
11 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым Х.Досмұхамедұлының 140 жылдығына орай «Арнаған азат таңға жан өрісін» тарихи-танымдық кеш өткізді.
Шараға Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, ф.ғ.к., доцент Н.А.Сәдуақас пен тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы А.М.Еспенбетова, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті,т.ғ.магистрі, аға оқытушы Б.А.Молдин,М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің оқытушысы, экономика ғылымының магистрі А.К.Мырзагулова, Х.Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебінің мұғалімі Б.Ә.Кәриева қатысып, халқымыздың ғылымын дамытуға, тілін сақтауға, тарихын зерттеуге, өнері мен әдебиетін өркендетуге білім беру және денсаулық сақтау салаларын ұйымдастыруға өлшеусіз үлес қосқан, аласапыран жылдарда қазақ елінің болашағын ойлаған ардақты тұлға жайында баяндады.
Кешке М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері, №32 мектеп-гимназия оқушылары, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында «Тұлға тұғыры» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, ғалымның өмірдерегін сипаттаған слайд және «Х.Досмұхамедұлы-ұлт мақтанышы» атты деректі фильм көрсетілді.
- 287
16 наурыз күні «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында таңдалып алынған жазушы Өтебай Қанахиннің туғанына 100 жыл толуына орай Ырғыз аудандық кітапханасымен бірлескен «Замана перзенті» әдеби кеші өтті.
Шарада ҚР құрметті журналисі, өлкетанушы Рахымжан Өтеміс, жазушы Өтебай Қанахиннің інісі Абзал Байман өз естеліктерімен бөліссе, Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, ҚР Журналистер одағының мүшесі Марат Мырзалы қаламгердің өз қолымен жазған «Рахымжан, Зәкіржан, Маратқа» хатымен таныстырды. №69 ЖББОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжайнар Алашбаева жазушының әдеби мұрасы туралы баяндама оқыды. Ырғыз ауданының №1 қазақ ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, гуманитарлық ғылым магистрі Әсемгүл Жолаева «Ата қоныс» эссе-повесіндегі фразеологизмдер қолданысы туралы баяндама оқып, кітапхана қорына «Өтебай Қанахин шығармаларын оқытудың көркемдік маңызы» тақырыбындағы әдістемелік құрал табыстады. Сазгер, «Шығармашылық Академиясы» МКҚК әншісі Нұрталап Жүсіпов әсем әнін шырқады. «Айсын» радиожурналистика мектебінің оқушылары мәнерлеп өлеңдер оқыды. Қалалық ЖОББМ-терінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттері шараның куәгері болды. Шара барысында өмірі мен шығармашылығына арналған «Кең тынысты суреткер» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды және слайд көрсетілді.
- 342
3 наурыз күні танымал ақын, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, білім беру және мәдениет саласының ардагері, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Нұрлыбек Қалауовтың 70 жас мерейтойына арналған «АРДАГЕР АЗАМАТ, АРДАҚТЫ АҚЫН» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Кездесу кешінде Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Алтынай Юнисқызы алғы сөз сөйледі. Сонымен қатар, ақын, «Үш таған» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Ертай Ашықбаев, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ филология ғылымдарының докторы, профессор Жұбаназар Асан, ҚР Жазушылар және Журналистері одағының мүшесі, ҚР мәдениет саласының үздігі Жақсылық Айжан, білім саласының ардагері Қилыбай Бақтарбаев, өлкетанушы Баянғали Құлтаев, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі Оралбай Кәметияұлы, ақын, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты, мәдениеттанушы ғалым Есентүгел Әзи, №31 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Орынгүл Идрисова естеліктерімен бөлісіп, өзіндік лебіздерін білдірді.
- 261
2 наурыз күні дара қолбасшы, саясаткер, батыр, Кіші жүз ханы Әбілқайыр Мұқамбет Қазы Баһадүрдің 330 жылдығына арналған «Әбілқайыр хан тарихының тағылымы» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізді.
Конференцияға зум қосымшасы арқылы қосылған М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ, т.ғ. докторы, профессор, «Сарайшық-мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы" РМҚК директоры Ә.Мұхтар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, ф.ғ.к. А.Қ.Мектептегі, жазушы, «Бопай ханым» романының авторы М.Айымбетов, өлкетанушы Б.Б.Мырзабаев, сонымен бірге Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, т.ғ.докторы, профессор Н.А.Абдоллаев, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, т.ғ.докторы, профессор, доцент, басқарма мүшесі, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Р.А.Бекназаров, гуманитарлық ғылымдар магистрі Б.Б.Нұрмұхамедов XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қазақ халқының қаһарман батыры Әбілқайыр хан туралы жаңа ой-толғамдары мен тағылымды пікірлерін ортаға салып, өз ұсыныстарын жеткізді.
Шара барысында кітапхана оқырмандарының назарына «Азаттық таңы жолында» кітап көрмесі ұйымдастырылып, Әбілқайыр ханның өмірдерегін сипаттайтын бейне сюжет көрсетілді.
Шараға Қ.Жұбанов атындағы АӨУ және өнеркәсіптік технологиялар мен басқару колледжінің оқытушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары, «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшелері қатысты.
- 320
21 ақпан күні кітапхана қызметкерлері Сырым Датұлының 300 жылдығына арналған «Батыр, шешен, қолбасшы» дөңгелек үстелін өткізді. Шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдуллаев Нұртаза Ақишанұлы, тарих ғылымының магистрі, №47 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қалышев Ербатыр Қанатұлы, №36 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бұлбұл Әмірханқызы, Білім Ақтөбе дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Байбосынова Асылай Бекболатовна, №74 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жабаева Индира Маратовна, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Жанбырбаева Жарқынай Нагиметяровна қатысып, Сырым батырдың қазақ тарихында алатын орны туралы жан-жақты талқылап берді. Кітапхана қызметкері Бердыгалиева Нұрлыгүл Орынқызы «Ерлердің ері – Сырым Датұлы» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.




.png)










