- 390
25 сәуір күні жазушы Жекен Жұмақановтың Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған «Әлияның әні» повесі бойынша «Әлияның әні» тарихи-танымдық кеші ұйымдастырылды.
Шарада Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды музейінің бас қор сақтаушысы Толқын Жаңабергенова Жекен Жұмақановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әдебиет майданы» фото-шежіре слайд ұсынып, жазушының жұбайы Клара Біләлқызы ақтөбеліктерге жолдаған бейнежазбасын ұсынды. Клара Біләлқызы өз сөзінде: «Майдангер жазушы Жекен Жұмақанов Әлия Молдағұловамен соғыс уақытында бірге ұрыстарға қатысып, ерлігін өз көзімен көрген.
- 351
17 сәуір күні «YMYRTTAGY KITAPHANA» жобасы аясында жазушы, өнер сыншысы, «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты, Т.Жармағамбетов атындағы жүлдесінің иегері, облыстық халық шығармашылығы орталығының редакторы Сағадат Ордашеваның «Әппағым» жаңа кітабының таныстырылымы өтті.
Шараға Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы өнер және халық шығармашылық бөлімінің басшысы Назимат Бекқазықызы мен ақын, аудармашы Гүлімай Әбішқызы сөз сөйлеп, «Әппағым» жаңа кітабының тұсауын кесті. Сонымен қатар, кітапхана кызметкері Балагүл Бакиева «Авторын іздеген кейіпкер» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді. Шараға зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты.
- 368
11 сәуір күні «Литература без границ» халықаралық жобасы аясында Ғарышкерлер күніне және әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің 90 жылдығына арналған «Вместе навстречу звездам» атты халықаралық оnline кездесуі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – елдер арасындағы мәдени байланыстарды кеңейту, сақтау және нығайту. Кітапхана оқырмандарын ғарыш әлемімен таныстыру және жұмыс тәжірибесімен алмасу.
- 404
10 сәуір күні қазақтан шыққан тұңғыш тау-кен инженер-геологы, қоғам қайраткері, минерология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Ғылым академиясының академигі,Ұлттық ғылым Академиясының негізін қалаушы және Тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы жастарды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеп, отансүйгіштік сезімдерін арттыру мақсатында «Өмірі ойға толы, Қаныш аға...» дөңгелек үстелі өтті.
- 412
27 наурыз күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, әмбебап ғалым, ағартушы-педагог, аудармашы Телжан Шонанұлының 130 жылдығына арналған «Ұлт намысын биік ұстаған тұлға» атты тағылымды кеш ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - Телжан Шонанұлының қоғамдық ғылыми-педагогикалық мұраларын оқырманға кеңінен таныстыру, саналы ғұмырын ағартушылыққа, ғылым-білімге арнап, өз ұлтының көкірек көзін ашып, рухын оятуға талпынған әмбебап ғалымның өмірі мен шығармашылық жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету, насихаттау.
- 419
15 наурыз күні «Оқитын өлке» облыстық акция аясында таңдалып алынған жазушы, аудармашы, журналист Сара Мыңжасарованың 100 жылдығына арналған «Әйел бақыты» әдеби кеші өтті.
Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағы, Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бауыржан Құрманқұлов, жазушы, сатирик, ҚР Журналистер одағының мүшесі, театртанушы Ардақ Қонақбаева, Сара Мыңжасарованың туыстары Жаңылдық Көптлеуова, Райымбай Ақтаев қатысып, қаламгер туралы естеліктерімен бөлісті. Әдеби кеште оқырмандарға Алматы қаласынан ZOOM платформасы арқылы жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Балбұлақ» журналының авторы, белгілі журналист Мағира Қожахметова жылы лебізін білдіріп, шығармашылық жолда Сара Мыңжасаровамен қалай танысқаны, өмірінің соңғы күндеріне дейін жақын араласқаны туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Сермұханова Зеріп Сара Мыңжасарованың «Әйел бақыты» шығармасынан үзінді оқып, кітапхана оқырманы Қарлығаш Ержігітқызы «Әйел бақыты» романы бойынша өз пікірін білдірді. «Арай» өнер мектебінің оқушылары Дания Мейірманова, Әдемі Сейсенбай, Камила Сағынаева Сырдың «Қара торғай» әнің тамаша орындап берді.
- 564
14 наурыз күні археолог, этнограф, тарихшы, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Әлкей Марғұлан мұрасы – ұлттың рухани байлығы» тарихи – танымдық сағаты өтті.
Шараның басты мақсаты –өскелең ұрпақтың бойына мәдени құндылықтарды қалыптастырып, ұлы ғалымның еліміздің тарихы мен этнографиясы саласындағы мол мұрасын жеткізіп, өмірі мен ғылыми жолын жас ұрпаққа насихаттау болып табылады.
- 420
13 наурыз күні қазақтың данышпан биі, көрнекті мемлекет қайраткері Әйтеке би Байбекұлының туғанына 380 жыл толуына орай «Бабаға тағзым» тарихи-танымдық кеші өтті.
Әйтеке - дана би ғана емес, ұлттық мақтанышымыз, қазақтың жүз жылда бір туар арысы, артына өшпес із қалдырған адал перзенті. Өз халқына, ел-жұртына адал қызмет еткен, оның іргелі ел болуын жатпай-тұрмай ойлаған мұндай тұлғалар арғы-бергі тарихымызда өте аз. Әйтеке би сонысымен де ұлы адам.
Шарада кеш қонақтары: Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Е.Ж.Құрманбеков, «Қазақстан өлкетанушылар одағы» облыстық филиалының төрағасы, «Қазақстанның үздік өлкетанушысы» Б.Б.Мырзабаев,«Алшын Әйтеке би» қоғамдық қорының төрағасы әрі ұрпағы Б.Шайманов қазақтардың біртұтас мемелекет болуын аңсаған, сол үшін күрескен атақты тұлғаның өмірі мен ел үшін жасаған еңбегі туралы айтты.
- 381
Музыка сыншысы, этнограф, композитор Затаевич Александр Викторовичтің 155 жыл толуына орай «Қазақтың ән қазынасын жинақтаушы» тақырбында шара өткізді.
Шараның мақсаты: XX ғасыр басындағы қазақ ән өнерінің насихатталуына өзіндік үлес қосқан өнер қайраткері Александр Викторович Затаевичтің еңбегін насихаттау.
Шара барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР композиторлар одағының мүшесі Мукеева Нұржамал Ерсайнқызы саналы ғұмырының кезеңдерін қазақтың ескі ән - күйлерін жинап, көне сарындарды нотаға түсіріп, қазақ ән-күйінің тарихына қатысты кітап жазуға арнаған, өнер шырақшысы - Александр Викторович Затаевичтің өмір жолы мен ұлттық руханиятымызда алар орнын, шығармашылығы турасында баяндады.
- 499
29 ақпан күні «Оқитын өлке» облыстық акция аясында таңдалып алынған лирик ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сағи Жиенбаевтың 90 жылдығына арналған «ӘНГЕ АЙНАЛҒАН САҒИ ӨЛЕҢДЕРІ» әдеби-музыкалық кеш өтті.
Шараға Сағи Жиенбаевтың тумасы Игілік Шынбайұлы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Ана» республикалық журналының редакторы, «Шолпы» қоғамдық қорының басшысы Алмагүл Сарыбаева қатысып, қаламгер туралы естеліктерімен бөлісті.




.png)










