- 343
12 наурыз күні кітапхана қызметкерлері ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақтың тұңғыш кәсіби тарихшысы» ғылыми-теориялық кеш өткізді.
Еліне ғалым ретінде танымал Ермұхан Бекмахановтың ғылыми-творчестволық жұмысын кеңінен насихаттап, оның есімі мен еңбектерін қазақ тарихында мәңгі қалдыру мақсатындағы шараға М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті, «Қоғамдық – гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті Б.А. Молдин, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, «Тарих және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.А.Ғанибаева, «Кемел-білім» мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Ш.С.Каирова қатысып, қазақтың аса көрнекті тарихшысының бізге аманат етіп қалдырған бай рухани мұрасын, атқарған істерін көпшілік қауымға таныстырды.
- 199
5 наурыз күні кітапхана қызметкерлері физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Шөжеқызы Жылқыбаеваның 80 жылдық мерейтойына орай «Алтын адамның сырын ашқан Мағрипа» танымдық сағатын өткізді.
- 199
4 наурыз күні жазушы, сатирик, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Табыл Құлыястың «Аңыз ізімен» романы бойынша ойталқы өтті. Кешке Қазақстанның Құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі, Ойыл ауданының Құрметті азаматы Аманғос Орынғалиұлы, Қазақстанның Құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі, Шалқар ауданының Құрметті азаматы Жанғабыл Қабақбаев, ардагер-журналист, сатирик-жазушы Ардақ Қонақбаева қатысып, Жиенғали Тілепбергеновтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы ойларын ортаға салып, жазушы Табыл Құлыястың азаматтық келбеті, қаламгерлік қасиеті жөнінде өз естеліктерімен бөлісті. Шара барысында оқырмандарға қаламгер туралы бейнежазба ұсынылып, Ақтөбе жоғарғы гуманитарлық колледжінің студенттері Мұқағали Маралұлы, Сәнім Тұяқова Табыл Құлыястың шығармасынан үзінді мен Серік Тұрғанбекұлының «Қалам – қару серік қып ...» арнауын оқып берді. Кітапханашы Балагүл Бакиева «Табылдан - тағылым» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді.
- 317
26 ақпан күні кітапхана қызметкерлері ақын, абыз, жез найзалы батыр, сәулетші, ізгі жүректі Бекет Мырзағұлұлының туғанына 275 жыл толуына орай «Халқы қадірлеген Пір Бекет» тарихи-танымдық кеш өткізді.
Аталмыш кешке «Baishev Education Group» корпорациясының президенті, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Б.Ахан, «Қазақстан өлкетанушылар одағы» облыстық филиалының төрағасы, «Қазақстанның үздік өлкетанушысы» Б.Б.Мырзабаев, зум қосымшасымен «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ бөлім меңгерушісі А.К.Яриханова, Пір Бекет Мырзағұлұлының қасиетті "Көк Асасының" сақтаушысы Ә.Т.Накеш қатысып, аңызға айналған Бекет атаның қасиеттері, халқына көрсеткен қызметтері мен пайдалы істерін көпшілік қауымға таныстырды.
- 304
20 ақпан күні «Тарихы терең Ақтөбе» жобасы аясында ақын Таразы Қаленқызының 160 жылдығына арналған «Таразы ақын» тарихи-танымдық кеші ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – Есет батыр Көтібарұлының келіні, ақын Таразының өмірі мен шығармаларын насихаттау. Кешке профессор, филология ғылымдарының докторы, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Шалқар ауданының құрметті азаматы Жұманазар Асан, «Есет батыр Көтібарұлы атындағы» қорының төрағасы, ҚР «Үздік өлкетанушысы», Шалқар ауданының құрметті азаматы Аманғали Мұхамбетулин, ҚР Журналистер одағының мүшесі Қанатбай Елеусізұлы, жыршы Демеубай Жолымбетов және тағы да басқа зиялы қауым өкілдері, сонымен қатар Таразы ақынның ұрпақтары Жетес Бекмурзин, Қуанышбай Күмісбаев, Қамарсұлу Қиясова қатысты.
- 225
5 мамыр күні кітапхана қызметкерлері Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының Батырлары Рауф Ибрагимұлы Кутуев пен Иманғали Тәукешұлы Білтабановтың туғанына 100 жыл және генерал-лейтенант Жансен Кереевтің туғанына 95 жыл толуына орай «Ел рухын көтерген батырлар» дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шараға Еңбек майданының ардагері Ғ.М.Қамысбаев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Тарих және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Н.С. Аликулова, «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.К.Ботағарин, И.Т.Білтабановтың туысы С.Білтабанов, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті «Қоғамдық – гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті Б.А.Молдин, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Жоғары колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.М.Мырзагарина және Темір ауданынан Ж.Кереев атындағы ЖОББМ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ZOOM қосымшасы арқылы Н.Ж.Бақытжанова қатысып, азаматтардың ұрыс даласында және еңбек майданында жеңіске қосқан үлестерін, өмір жолдарын баяндап берді.
- 278
25 желтоқсан күні «ҚАЛАМГЕР» әдеби қонақжайында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Бауыржан Құрманқұловтың «Жүректегі әуендер» ән жинағының таныстырылымы өтті.
Аталған іс-шараға зиялы қауым өкілдері және жас оқырмандар қатысты. Іс-шара барысында Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова мен «Ақтөбе Медиа» компаниясының директоры, Қазақстан Журналистер одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Раукен Отыншин аталған ән жинақтың тұсауын кесті.
- 302
Желтоқсанның 13-і күні «Қаламгер» әдеби қонақжайында ақын, журналист,КСРО Журналистер Одағының мүшесі Смат Қабылбаевтың 90 жылдығына арналған «Бәріміз бас құрап, Тағы да табыстық...»еске алу кеші өтті. Аталған еске алу кешіне ақын С.Қабылбаевтың көзін көрген Қаршыға Айтқұлов, сондай-ақ қаржы саласында ұзақ жылдар қызмет еткен Райса Абашева, ақынның жерлесі Есенгелді Сатмұханбетов және Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушысы Ләззат Балғазиева қатысты.
- 302
12 желтоқсан күні Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжімен бірлесіп тіл білімі саласындағы қазақтың алғашқы профессоры, түркітанушы, педагог Құдайберген Жұбановтың 125 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы тұлғасы» облыстық тарихи-танымдық конференциясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Құдайберген Жұбановтың ғылыми еңбектері мен ұлт мәдениетіне және өнеріне қосқан үлесін дәріптеу, жас ғалымдарға танымы терең тұлғаның ғылымдағы даңғыл жолын таныту. Ұлт перзентінің қайраткерлік еңбегін, кейінгі жас буынға қалдырған рухани-мәдени мұраларын насихаттау.
- 279
2024 жылғы 12 желтоқсанда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, Қазанғаптың күйлерін жеткізуші, күйші Жәлекеш Айпақовтың 120 жылдығына орай күй кеші өтті.



.png)










