https://fadisma.com.br/

https://scatterhitam.id/

https://sekupanglogistics.com/

situs toto

situs toto

https://swjournal.az/

https://internationaljournals.org/

https://eduzonejournal.com/

https://journalofmedical.org/

https://www.erpublications.com/

https://mathedu.web.id/

Slot88

https://jurnal.saburai.id/

situs toto

situs toto 4d

ROKOKBET

slot bet 200

scatter hitam

situs toto

rokokbet

situs toto macau

rokokbet

rokokbet

rokokbet

rokokbet

situs toto

scatter hitam

rokokbet

SLOT PALING GACOR

SCATTER HITAM

SITUS TOTO SLOT

slot 10k

SItus Toto
Rokokbet
https://cigarweekly.com/
Slot Gacor hari ini
Жаңалықтар
Жаңалықтар

27 қыркүйек күні  мемлекет және қоғам қайраткері, тілші-ғалым, Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлының 120 жылдығына орай «Өз заманының ұлы тұлғасы» республикалық конференция өтті.  13 жыл Үкіметті  басқарып, 1938 жылдың жазында бар-жоғы 34 жаста жоғары қызметтің жауапкершілігін арқалаған көрнекті тұлғаның өмір жолы мен қызметін,  қазақ халқы үшін жасаған ерен еңбегімен таныстыру мақсатындағы шараны Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Демешова Назимат Бекқазықызы алғысөзбен ашып берді.Конференцияға Алматы қаласынан Нұртас Оңдасыновтың «аманатын арқалап жүрген» жазушы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, оңдасыновтанушы ғалым Гүлсім Оразалықызы, Астана қаласынан  ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы  Бабаев Ибрахим Әлімханұлы зум қосымшасы арқылы қосылып, жастарға Нұртас Оңдасыновтың мазмұнды, ғылыми жаңалықтарға толы ғұмырында Қазақстан өндірісі мен экономикасының, ғылымы мен білімінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, рухани мұрасы  жайында кеңінен айтып берді.

Тұңғыш  қазақ  архитекторы,  ҚР еңбек сіңірген құрылысшысы Төлеу  Құлшаманұлы  Бәсеновтің  туғанына  115 жыл толуына орай «Тұңғыш кәсіби сәулетші»  оқырман конференция   өтті. 
      Шара барысында : Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кәсіби - шығармашылық факультеті дизайн білім бағдарламасының профессорлары мен оқытушылары  Жәнібек Каржауович Таттыбаев, Боранбай Мурзагалиевич Моменов, Муканбеткали Нурашович Аймаганбетов  тұңғыш қазақ архитекторы Төлеу  Бәсенов Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, еліміздегі қазіргі архитектуралық мектептің негізін қалаған,сонымен қатар, осы саланың одағын құрып, мамандарын дайындауға үлес қосқан ғалым - педагогтардың бірі болып, артында айтулы із қалдырып қана қойған жоқ, өзінің ерен еңбектерімен кейінге үлгі бола білген, сәулет өнерінің ұлттық түрінің дамуына орасан үлес қосып, қабілетті мамандардың дайындалуын, өсуін,  өркеңдеуіне ықпал еткендігі турасына оқырманға толық ақпарат берді. Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе  өңірлік   университетінің  кәсіби -шығармашылық  факультетінің  5 курс  студеттері Қырықбаева Аружан, Сағынбаева Зарина, Изтаева Айша, Файзуллина  Шынар жобаларын таныстырып өтті.  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап   ғылыми    кітапханасының  директоры  Хакимова  Сұлушаш  Максимқызы қорытып,  қонақтар  мен  барша  қатысушыларға  алғысын  білдірді.  Кітапхана қорында бар Төлеу  Бәсеновтің еңбектері мен мерзімді басылымдардың дерек көздерін қамтыған «Сәулетші жолы – ұлт құндылығы » кітап көрмесі  жасақталды.

    25 қыркүйек күні  ұстаз-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, профессор Амангелді Айталының  85 жылдығына арналған «Айтулы Амангелді Айталы еді ...» еске алу кеші өтті.
   Шараға  тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұртаза Абдоллаев, Амангелді Айталының жұбайы Гүлжан Битөре, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Нұрбек Нұрғалиев, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті кітапханалық сервис және даму бөлімінің басшысы Абзал Жайлаубаев және т.б. зиялы қауым өкілдері мен  кітапхана оқырмандары  қатысты.

24 қазан күні  аудармашы, әдебиеттанушы, публицист, жазушы Герольд  Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай  «Ұлт жанашыры»  дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, аудармашы - Гүлімай Әбішқызы, С.Бәйішев атындағы  университетінің аға оқытушысы, ақын  Гүлжахан Төреханова, Халықаралық Журналисттер Одағының мүшесі, әдебиет сыншысы Нұрлыбек Сабыргалиев  қатысып, Г.Бельгер туралы баяндама оқып, сөз сөйледі.  Кітапхана оқырманы  №48 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Адия Құрманова Г.Бельгердің  «Казахские запреты» (Қазақ тыйымдары) туындысын оқыды, кітапхана қызметкері Қызғалдақ Алпысбаева ақын  Ж.Нұрқанның «Біздің  Бельгер» өлеңін оқыды.
   Шарада « Қазақ деп соққан жүрегі», атты кітап көрмесі ұйымдастырылып , бейнематериал көрсетілді Шараға Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Ақтөбе гуманитарлық- техникалық колледжі студенттері қатысты.

19 қыркүйек күні  «YMYRTTAGY KITAPHANA» жобасы аясында және «Қаламгер» әдеби қонақжайында ақтөбелік ақын Балагүл Бакиевамен  «Көңіл толқыны» поэзия сағатына  өтті. Ақтөбелік ақын Балагүл Бакиева шығармашылығын қалың оқырманға таныстырып, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кездесуге Қазақстанға аты мәшһүр ғалым, филология ғылымдарының докторы профессор Жұбаназар Асанов, ақын-драматург, ҚР Ұлттық педагогикалық ғылым  Академиясының академигі, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, білім беру және мәдениет саласының ардагері Нұрлыбек Қалауов, ақын, журналист Индира Өтеміс және кітапхана оқырмандары қатысты.  Шара барысында кітапхана қызметкері Рысжан Болашқызы «Жанымның күйісің, Тәңірдің сыйысың – Өлең!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізіп, шара жұогізуші Қызғалдақ Алпысбаева ақын Балагүл Бакиеваға арналған фото-шежіре слайд, ақын Гүлимай Әбішқызы және кластасы Жансұлу Есмағанбетова жолдаған бейнеқұттықтауды ұсынды. Сонымен қатар,  оқырмандар Ерсұлтан Шығанақ, Әсел Еркінқызы ақынның «Ұзату», «Менің қалам», «Жаз», «Пешене», «Сынағыңа шыдамым мың»  өлеңдерін оқып, қаламгер Балагүл Бакиева «Ризамын» әнің тарту етті. Оқырман сауалдарына жауап беріп, өзінің шығармашылық жолы және алдағы жоспарлары туралы баяндады.  Кітапхана директорының м.а. Айгүл Крымқұлова шара қонағына шығармашылық табыстар тілеп, сый-сияпат көрсетті.

6 қыркүйек күні «Шекарасыз әдебиет» халықаралық жобасы аясында Ақтөбе қаласының 155 жылдығына, Орынбор губерниясының 280 жылдығы және Орынбор облысының 90 жылдығына арналған «Достық пен ізгілік мерекесі» атты онлайн кездесуі ұйымдастырылды.
   Шараға Н.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Светлана Мячина мен Ульяновск орталық кітапханасы директорының цифрландыру жөніндегі орынбасары Александра Буйлина қатысты.
  Сондай-ақ, Н.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызмет көрсету секторының меңгерушісі Екатерина Косцова Орынбор губерниясы мен Орынбор облысының тарихын айтып, «Оренбуржье» бейнефильмін ұсынды. Н.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану бөлімінің меңгерушісі Айгүл Утевалиева  «Казахские имена на карте Оренбурга»  фото-тарихи слайдымен таныстырды.
   Шара барысында оқырмандар ақтөбелік суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ақын Ирина Құрманалина мен оның жары, суретші Алмас Құрманалинмен кездесті. Сонымен қатар,  орынборлық ақын, прозаик, драматург, журналист Павел Рыковпен сұхбаттасты.

26 тамыз күні «Қаламгер» әдеби қонақжайында жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылары және Журналистері одағының мүшесі, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Мәди Айымбетовпен кездесу кеші өтті. Ақтөбелік жазушы Мәди Айымбетовтың шығармашылығын қалың оқырманға таныстырып, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кездесуге Байғанин ауданының құрметті азаматы Түрікпенбай Айжарықов,  «Ақтөбе-Медиа» компаниясының директоры, ҚР Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы Раукен Отыншин, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бауыржан Құрманқұлов, Ақтөбе мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Өнер және халық шығармашылық» бөлімінің  бас маманы Ұлмекен Молдағалиева және т.б. зиялы қауым өкілдері, журналистер, қалалық мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, кітапхана оқырмандары қатысты.

15 тамыз күні кітапханада «Бір ел –бір кітап» республикалық акциясы аясында балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі»  диско-лекциясы өтті. Мақсаты – оқырмандар арасында кітап оқу мәртебесін  көтеру, қызығушылықтарын ояту, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандарға «Абай TV» телеарнасы түсірген «Жәдігер» бағдарламасынан үзінділер ұсынылып, Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, қаламгердің «Менің атым Қожа» атты повесі желісімен қазақ режиссері Абдолла Қарсақбаев түсірген фильмнен үзінділер көрсетіліп, кітапханашы Рысжан Карагулова 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде арнаулы жүлдеге ие болғаны, 2022 жылы елордадағы «Жетісу» саябағында «Менің атым – Қожа» кітабының бас кейіпкері Қожаға ескерткіш орнатылғаны туралы айтып берді. Шара барысында кітапхана  қызметкері  Айгерім Жасанова «Берен талант Бердібек» кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді. Мәдени шара соныңда белгілі ақын Тұманбай Молдағалиевтың сөзіне жазылған дарынды композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Туған ел» әні орындалды.

14 тамыз күні «YMYRTTAGY KITAPHANA» жобасы аясында өзінің тың идеяларымен, жаңашылдығымен, өзіндік стилімен әдебиет әлемінде қалың жұртшылықтың назарын аударып жүрген  жас жазушы, «Таласбек – 2023» республикалық әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әлихан Жақсылықтың  «Африкадан Аляскаға» атты жаңа кітабының таныстырылымы ұйымдастырылды. Шараға кітапхана оқырмандары  қатысып, жазушылар Ардақ Қонақбаева, Нұрлыбек Жұбатқан, ақын Гүлімай Әбішқызы жас қаламгерге жылы лебіздерін білдірді. Әлихан Жақсылық  «Алты құрлық», «Төрт мұхит» хикаяттар жинағы мен 2024 жылы қазақ тілінде және Лондон қаласында ағылшын тілінде жарық көрген «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» романының авторы. Сонымен қатар «Үкілі әуен», «Күшті көліктер», «Қаһарман», «Ырысты ыдыстар» сияқты ұлттық танымдағы анимациялық жобалары қазіргі таңда кішкентай бүлдіршіндердің дүниетанымын кеңейтуде үлкен үлес қосып отыр. Шара барысында жазушы өз шығармашылығы жөнінде сұхбат беріп, сұрақтарға жауып бірді. Оқырман назарына кітапханашы Балагүл Бакиева арнайы ұйымдастырылған «Талантті қаламгер» кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді.

Семинар  аясында  ұйымдастырылған  «Ұлт ұйтқысы – Ұлттық құрылтай» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде «Аманат» партиясы Ақтөбе филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі А.М.Сахиев «Адал адам – адал еңбек – адал табыс – озық әрі табысты елге айналудың басты кілті», Ырғыз аудандық орталық кітапханасының құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Ә.Х.Қартанова «Озық ойлы ұлт болудың  жолы – кітап оқу»,  Байғанин аудандық орталық кітапханасының құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Ш.Ж.Жаулыбаева «Ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар», Ойыл аудандық орталық кітапханасының электронды каталог редакторы Ж.Е.Батырғалиева   «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» тақырыптарында баяндама оқыды. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөз болған ұлттық құндылық, ұрпақ тәрбиесі, қоғамдық сана мәселелері талқыланды. «Ұлттық құрылтай: «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» кітап көрмесі жасақталды.