Жаңалықтар

18 қаңтарда өнер бойынша әдебиет бөлімі Қазақстанның  халық әртисі, әнші Ғ.Құрманғалиевтің туғанына  115 жыл толуына орай «Ән  абызы  Ғарифолла» әдеби  әуен  кеш  өткізді.
          Шараның мақсаты: Қазақ халқының біртуар ұлы Ғ.Құрманғалиевтың қазақ өнері мен мәдениетіне сіңірген еңбегін насихаттау. Ұрпағымыздың  бойына  танымдық, тәрбиелік, эстетикалық  тұрғыдағы ұлттық  құндылықтарды   дарыту.

15 қантарда  өнер бойынша әдебиет бөлімі Қазақ бейнелеу өнерінің негізін  салушы, кескіндемеші - график, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері  Ә:Қастеевтің   туғанына  120  жыл толуына орай  «Тума   талант  табиғаты» шығармашылық  сағатын  өткізді.
Шараның мақсаты: Қазақтың тұңғыш кәсіби сурет өнерінің негізін қалаушы Ә.Қастеевтің халқына қалдырған мол мұрасын насихаттау, қазақ халқының  рухани  және материалдық құндылықтарын өнер арқылы дәріптеу, шығармашылыққа  шыңдау.

 13 желтоқсан күні 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің т.ғ.к., аға оқытушысы А.М.Еспенбетованың, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі Н.Б.Беисова мен №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Д.Н.Есқалиеваның қатысуымен «Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы» кездесу кеші өтті.
Сонымен қатар, кешке Ақтөбе гарнизонының әскери полиция бөлімі мен қылмыстық атқару департаментінің қызметкерлері, №40 қазақ орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Шара қонақтары    Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, халқымызға ғасырлар бойғы арман болған, бұл күн-Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі екендігін айтты. Осынау күннің қасіретін еске алып,   қыршын кеткен қазақ жастарының ерлігі жайында сөз сөйледі.

 11 желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі ақтөбелік алаш қозғалысының мүшесі Ә.Жүндібаевтың 130 жылдығына орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті, т.ғ.к. Әлібек Аманның, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы Қобда аудандық филиалының төрағасы Н.Қ.Кереймағанбетовтың, «ZOOM» қосымшасымен Ш.Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Н.Жетпісбайдың, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ физика-техникалық факультетінің «Ғарыштық техника және технологиялар» кафедрасының т.ғ.д., профессор В.Е.Джундибаев пен филология ғылымдарының докторы, профессор С.Б.Жұмағұлдың, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, т.ғ.к. Ө.Ы.Исеновтың, қатысуымен «Азаттықты аңсаған алаш арысы» республикалық конференция өткізді.

7 желтоқсан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Басқарма мүшесі, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Е.Е.Мұханбетқалиевтің, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Р.С.Отыншиннің, ақын, сазгер, ҚР Журналистер одағының мүшесі Т.Тілеулесовтың және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық Университеті, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен Ақтөбе облысының құрметті азаматы, философия ғылымдарының докторы, профессор,  ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі Алтай Тайжанұлымен «Ел руханиятының көрнекті тұлғасы»  кездесу кешін өткізді.  

22 қараша күні   ақын, жырау, батыр, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жылдығына арналған «Махамбет Өтемісұлы поэзиясындағы көркем шындық» әдеби танымдық кеші өтті. Кеш Махамбет Өтемісұлының «Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінен» алынған «...Мен, мен едім, мен едім» термесін Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің 2 студенті Нұрмұханбет Зайнабтың орындауымен ашылды.Шараға Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдуллаев Нұртаза Ақишанұлы, ZOOM платформасымен қосылған Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінің Қазіргі заман тарихын ғылыми зерттеу бөлімінің қызметкері Тусупкалиева Айгуль Гатауқызы, Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары ақынның «Ұл туса» өлеңін Жұбаназаров Саян «Аспандағы бозторғай» өлеңін Мұхтар Дәулет мәнерлеп  оқып берді.  

Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызды символдарының бірі - ұлттық валюта теңгенің айналымға енгеніне 30 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Еңбек сіңірген қызметкері, ардагер   Ж.Ш.Жандәулетовтың,  Қазақстан Халық банкі АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының бірінші орынбасары Т.Қ.Беисованың, С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінің экономика ғылымдарының магистрі З.К.Ержанованың, Ақтөбе облыстық өлкетану музейінің ғылыми қызметкері А.Б.Шалманованың қатысуымен «Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы!» тақырыптық кеш өтті.
         Шара қонақтары Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің шығу тарихын, валюталық қарым-қатынасты нығайтудағы теңгенің қызметі, қолданыстағы маңызы, сол кездегі қиыншылықтарға төтеп берген мемлекетіміздің өркендеу жолдарын баяндап, тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктерін мақтанышпен атап өтті.

9 қараша күні ақын, әнші, композитор Сары Батақұлының 160 жылдығына арналған «Баласы мен Батақтың, атым - Сары...» тақырыбында жыр кеші өтті.
Сары Батақұлы 1863 жылы қазіргі Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келді. Ол әндері арқылы өз заманындағы әділетсіздік пен озбырлықты әшкерелейді. «Қыз Қосан», «Тілеу-Қабақ», «Дариға», «Әри­дау», «Дүние», «Сарының Сібірге айдалып бара жатқандағы әні», «Туған ел» секілді әндері адамның жан дүниесін толқытып, қиялын шарықтатады. «Сарының әні» 1938 жылы Қазақстан тарихындағы алғашқы «Аманкелді» дыбысты көркем фильмінде пайдаланылды.

20 қазан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі 25 қазан - Республика күніне орай   тарих ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры Н.А.Абдоллаевтың, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Б.Қ.Қалмағанбетовтың және Астана аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.С.Ағниязовтың, «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшесі А.У.Бисенгалиеваның қатысуымен «Шарықтап, шыңға ұмтылған Қазақстан!» патриоттық акциясын өткізді.
  Шара қонақтары 2009 жылға дейін ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде бүкіл халықпен аталып, қоғамдық қолдауға ие болған Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралғанын, осы тарихи маңызды қадам арқылы  еліміз дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басқандығын, сол кезеңдегі қиыншылықтарға төтеп берген  мемлекетіміздің өркендеу жолдарын  баяндап, тәуелсіздік жетістіктерін мақтанышпен атап өтті.

19 қазан күні Халық жазушысы, драматург, аудармашы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына орай «БОРАННАН ШЫҚҚАН БАҺАДҮР» облыстық конференциясы өтті.
         Шарада сатирик, журналист Ардақ Қонақбай, ҚР  Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин белгісінің, Еңбек  ардагері  белгісінің  иегері Ақжеңіс Жаналина, кітапхана ардагері, тіл жанашыры Ғалияш Жанесова, Бәйішев университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, жиенғалитанушы Ғайша Ниязова, Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінің студенті Диана Жолдыбаева баяндама оқыды және С.Бәйішев университетінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Берік Нұрмұхамедов жазушының өмірі мен «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін» романдары, «Ант» драмасы және т.б. шығармалары туралы ғылыми баяндама оқыды.
Сонымен қатар, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Тахауи Ахтановтың замандасы Серікбай Оспанов арнайы бейнежолдау жолдады.
Жазушының балалары Дулат Ахтанов пен Әсия Ахтанова конференция қатысушыларына сәттілік тілеп, арнайы хат жолдады.
С.Бәйішев атындағы АОӘҒК қызметкерлері жазушының «Шырағың сөнбесін» шығармасынан үзінді монолог оқыса, Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінің студенті Нұрбек Жақсылықов Ақұштап Бақтыгерееваның «Екі рет келген жиырма бес» арнау өлеңін оқыды.