https://fadisma.com.br/

https://scatterhitam.id/

https://sekupanglogistics.com/

situs toto

situs toto

https://swjournal.az/

https://internationaljournals.org/

https://eduzonejournal.com/

https://journalofmedical.org/

https://www.erpublications.com/

https://mathedu.web.id/

Slot88

https://jurnal.saburai.id/

situs toto

situs toto 4d

ROKOKBET

slot bet 200

scatter hitam

situs toto

rokokbet

situs toto macau

rokokbet

rokokbet

rokokbet

rokokbet

situs toto

scatter hitam

rokokbet

SLOT PALING GACOR

SCATTER HITAM

SITUS TOTO SLOT

slot 10k

SItus Toto
Rokokbet
https://cigarweekly.com/
Slot Gacor hari ini
Жаңалықтар
Жаңалықтар

 С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы мен  Актөбе қаласының Қалалық көркемсурет лицейі – ЮНЕСКО Клубы   бірлесіп  «КІТАП Fest 2024» фестивалі аясында суретші, әрі оқытушы  Русановская Светлана Валентиновнаның «Слон в оранжевом берете» тақырыбында шығармашылық  кешін  өткізді.
   Мақсаты – әдеби көркем поэзиялық туындыларды оқи отыра, балалардың ой қиялын дамыту; өскелең ұрпақты шығармашылықпен айналысуға тарту, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті, эстетикалық  талғамды дамыту.  Шығармашылық кеш барысында Светлана Валентиновна өзінің шығармашылық  жолы туралы, бейнлеу өнерімен  қатар балаларға арнап өлең жолдарын жазып жүргендігі туралы сыр бөлісті.  Өзінің өлеңдерін оқыды.  Кездесу барысында көркемсурет лицейінің әдіскері Калдыбаева  Гүляим  Умбетярқызы қатысушыларға  Светлана Валентиновнаның таңдауға 5 түрлі балаларға арналған өлең шумақтарын беріп, сурет салуларын  ұсынып, шеберлік  сағатын өткізді. Қатысушылар сурет салып, өнерден жақсы әсер алды. Сонымен қатар, С.В.Русановскаяның балаларға арналған өлең шумақтарына салынған  лицей оқушыларының салған суреттерінің көрмесі қойылды.    Көркемсурет  лицейінің оқушылары, оқытушылары  және «TALANT-light»  қызығушылық  клубының мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты.

  4 маусым күні «Кітап фестивалі - 2024» аясында актөбелік жазушы Мади Раимовтың «Хранитель» жаңа кітабының таныстырылымы өтті.  Шара барысында оқырмандар жазушының шығармашылығымен танысты. Ол «Последний оплот тюрков», «Тюрки южного Кавказа», «Однажды в Грузии», «Молитва», «Хранитель» атты кітаптардың авторы. Жаңа кітабының таныстырылымына Ақтөбе  облысының  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының  орынбасары Мәншүк  Балмагамбетова   қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бұл шараға кітапхана оқырмандары, қала зиялылары, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, жазушының туыстары мен достары жиналды. Автор ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдіріп, барша жиналғандарға ризашылығын білдірді. Шара соңында кітапхана директоры Сұлушаш Хакимова кітап авторына алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

3 маусым күні «Кітап фестивалі -2024» кітап мерекесі аясында  ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ізтай Мәмбетов атындағы сыйлықтың иегері Гүлімай Әбішқызымен «Сәлеметсіз бе, Бақыт?!» атты кездесу кеші өтті. Кешке Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова бастаған мәдениет қызметкерлері, қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

  23 мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналған «Қойнауы құт, жері бай, өркенді өңір – Ақтөбе!» мерекелік кеші ұймдастырылды.
    Шараға өлкетанушы, тарихшы, «Жыл адамы» атағының иегері, «Мой город на Белом Холме»  тарихи-документалді сериалының бас редакторы, «Естелік Кітабы» телевизиялық тарихи-документалді сериалының редакторы,  журналист Генрих Боровиктің «Премия Артема Боровика-2020. Честь.Мужество.Мастерство» атты премиясын жүлдегері Роза Балдығарина, ақын, Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі Гүлімай Әбішқызы, ақын Гүлжаһан Төреханова, КГУ «Visit Aktobe» туристтік ақпараттық орталығы»  туристермен жұмыс бөлімінің басшысы Балмира Манапбаева қатысып, Ақтөбе туралы мәліметтер берсе, композитор, ҚР-ның Білім беру  ісінің үздігі, Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер байқауының екі мәрте жүлдегері, лауреаты, «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі «Мәдениет майталманы» медалінің иегері, Халықаралық Композиторлар Одағының мүшесі, Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының музыкалық редакторы Құрманбай Қосжанов Ақтөбенің мерейтойына ақын Гүлсамал Аймаханованың сөзіне жазылған өзінің «Айналайын, Ақтөбем!» әнін орындап берді.

22 мамыр күні кітапхана қызметкерлері Кеңес Одағының Батырлары, Халық қаһармандары Бауыржан Момышұлына арналған және Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғандарына 100 жыл толуына орай «Халық жүрегіндегі Қаһармандар»  танымдық сағатын өткізді.

   6 мамыр күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды музейімен бірлесіп Жеңіс күніне арналған «Ақтөбе батырлары» атты тарихи сағаты ұйымдастырылды. 
  Тарихи сағатқа  ақтөбелік батырлар Әлия Молдағұлованың, Малкеждар Бөкенбаевтың және Ұлы Отан соғысына қатысушылары Әбдірахман Сармисовтің, Мұхамбетқали Сарбасовтың, Нұржан Медетовтың, Влас Сысоенконың (312 атқыштар дивизиясыың жауынгері)  ұрпақтары қатысты.

3 мамыр күні кітапхана қызметкерлері «Білім-инновация» лицей-интернатымен бірлесіп,   қазақстандық батырлар - М.Бөкенбаев пен әскери қайраткер, Халық қаһарманы С.Қ.Нұрмағамбетовтың   туғандарына 100 жыл толуына орай екінші дүниежүзілік соғыста қазақ жауынгерлерінің арасында өшпес ерлік көрсеткен батырлардың ерлігі жайында мәліметтер беріп, олардың есімдерін ұрпақ жадында мәңгі есте сақтау, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке баулу мақсатында «Қайсар мінез Қаһармандар» тарихи сағатын өткізді.

29 сәуір күні сөзсіз тарихымыздағы ең бір қастерлі есімдердің бірі, артында үлкен із қалдырған күрескер тұлға, әрі қайраткер  Жоламан Тіленшіұлының есімін ұлықтап, жас ұрпақты ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу мақсатында Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Нұржан Жетпісбайдың 2023 жылы Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» баспасынан жарық көрген «Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс» кітабының таныстырылымы өтті.

26 сәуір күні «Қаламгер» әдеби қонақжайында белгілі журналист, талантты ақын Жанар Нұрғалидің 50 жылдығына арналған «Дарынды ақын еді...» еске алу кеші өтті. 
   Кеште  ақынның туған жерінен келген Ырғыз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейірхан Әттиев аудан әкімшілігінің сәлемін жеткізе отырып, ақын туралы жылы лебізін білдірді.  Ырғыз аудандық кітапханасының директоры, өлкетанушы Марат Мырзалы Жанар Нұрғалидің шығармашылығын насихаттауға арналған аудандағы іс-шараларға тоқталып, ақынның тума-туыс, бауырлары:

 25 сәуір күні  кітапхана қызметкерлері Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде     ғалым-эпидемиолог, медицина ғылымының докторы, КСРО мен Қазақстан Медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі әрі академигі, профессор Ишанбай Қарақұловтың туғанына 115 жыл толуына орай «Тағылымды тұлға» танымдық кеш өткізді.
        И.Қарақұлов – эпидемиология, профилактика және микробиология саласындағы белгілі зерттеуші және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы ірі қайраткерлердің бірі. Ол жастарды жан-жақты тәрбие­леудің теориялық және практикалық мәселелерімен үзбей айналысып, тәрбиенің барлық сырына көз жеткізіп, сан алуан тәрбие мәселелерін қарастырған.