- 66
Бүгін «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Жұмекен – құдірет» атты оқырман конференциясы өтті.
- 68
31 қазан күні кітапханада жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім беру саласының үздігі Жұмабай Асарбаевтың «Жүректегі жалғыздық» және «Құмтөбеден басталған оқиға» кітаптарының таныстырылымы өтті.
- 69
Бүгін «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің классик жазушысы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Тәкеннің асыл мұрасы» атты әдеби кеш өтті.
- 60
Халықаралық композиторлар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Ақтөбе педагогикалық институтының профессоры Мақсым Менкешовтің «Ұлттық дәстүрден ұлағат» кітабының таныстырылымы өтті.
- 76
15 қазан күні жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті заңгері Назарбек Қалыбекұлы Нұрмағанбетовтың «Сайыпқыран. Жарқамыстан Америкаға дейін» кітабының таныстырылымы өтті.
- 73
8 қазан күні Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасының құрметті байланысшысы» Кәрім Айнабековтің 85 жылдығына арналған «Жұлдызы жоғары қаламгер» поэзия кеші өтті.
- 65
С.Бәйішев атындағы облыстық кітапхана мен Ақтөбе көпсалалы «АГУ Тарлан» колледжі Иса Байзақовтың 125 жылдығына арналған «Дарынды тұлға» танымдық кешін өткізді. Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, ұстаз Жанболатова Балдәурен «Тарлан ақын» атты баяндама жасады. Жыршы Демеубай Жолымбетов Иса ақынның «Желдірмесін» орындап, шығармашылығына тоқталды. Студенттер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кітапханашы Какенова Гүлбану «Дауылды жырдың дүлдүлі» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады. Кеш соңында колледж директорының тәрбие ісі орынбасары Омар Нұргүл Жақсыкелдіқызы қатысушыларға алғысын білдірді.
- 55
Бүгін ақын, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаевтың 100 жылдығына арналған тағылымды кеш өтті.
- 58
Бүгін кітапханада Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сатирик Мұхтар Шеріммен «Семсер сөзді сатирик» кездесу кеші өтіп, қаламгердің «Супер бетсіздер» сатиралық романы таныстырылды. Аталған шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жүзеге асқан «KitapTime» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында өткізіліп отыр.
- 48
Бүгін журналист, аудармашы, әдебиеттанушы, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әлия Қаһарманқызы Бөпежанова және Түркия елінен арайлы Ақтөбемізге табан тіреген жас ақын, аудармашы Фатих Сұлтан Йылмазбен сырлы сұхбат өтті. Шара соңында Фатих Сұлтан Йылмаз қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйға тартты.













.png)










