- 289
Өлкетану әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, Сәбит Баймолдиннің туғанына 80 жыл толуына орай «Ақын жыры - жүрек сыры» атты жыр кеші өткізілді. Кештің алғы сөзі «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Сағызбайұлына берілді. Белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты «Үш таған» журналының бас редакторы Е.Ашықбаев Сәбит ақынның кітаптары туралы айта кетті.
- 413
С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Коворкинг» орталығында ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Айсын» радиожурналистика мектебінің қатысуымен «Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
- 450
13 желтоқсан күні «Keruen City» сауда, ойын-сауық орталығында ұлық мереке Егемендігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты кітап фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шараны Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Б.Елеусінова ашып, «Тәуелсіздікке тарту» мерекелік кешімен жалғасты. Кеш барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық әдеби онлайн марафонының жеңімпаздары бағалы сыйлықтар және диплом, алғыс хаттармен марапатталды.
- 398
8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында кітапханада «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» атты зияткерлік сайысы өтті. Мақсаты - оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл туралы білімдерін жетілдіру, қазіргі уақыт талабына сай жоғары білімді, интеллектуалды полиглот болуға тарту болып табылады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау. Зияткерлік ойынға қаламыздың №60, №61, №75 жалпы білім беретін мектептер мен М. Арын атындағы Қарғалы қазақ мектебінің 9-11 класс оқушылары және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.
- 443
3 желтоқсан күні Шығармашылық академиясы залында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жылдығына арналған «Ғасыр жырлаған – ғажап ақын» атты әдеби- сазды кеші өткізілді. Шараға Ақтөбе облысы әкімдігі, зиялы қауым өкілдері, ақындар, журналистер, кітапханашылар қатысты. Әдеби – сазды кеш А.Жұбанов атындағы музыкалық колледждің оқытушысы жыршы Жеңіс Елемесов «Жамбылдың ақындарға арнауымен» басталды.
- 452
17 қараша күні Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығы аясында Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер бойынша әдебиеттер бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлық мерекесі» атты әдеби сазды шара өткізілді. Тәуелсіздік ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күннің жеңісі. Оқырмандарға, жастарға қазақ халқының ерлігін, даналығын, елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін оятып, елжандылыққа, адамгершілікке, дінін, тарихын құрметтеуге дәріптеу шараның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Алғашқы сөз сөйлеген кітапхана директоры Раймбаева Құралай Серікқызы осынау мерекемен кешке қатысушылар мен оқырмандарды құттықтап, Егемендік алған кезеңнен бергі кітапхана саласының жетістіктерімен бөлісті.
- 407
13 қараша күні «Литература без границ» жобасы аясында Ульяновск қаласы Е. А. Евтушенко ат. №4 қалалық кітапханамен кезекті оnline-кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты: Ақтөбе (Қазақстан Республикасы) және Ульяновск (Ресей) қалаларының жазушылары мен ақындарын таныстыру, әдеби бірлестіктерімен қарым - қатынас жасау. «Өлкетану» бөлімінің меңгерушісі Б.А. Снабаева кітапхананың Ақтөбе ақын - жазушыларымен бірлескен жұмысы мен әдеби өлкетану туралы айтып берді.
- 463
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен Түркістан шаһарына жол тартып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен бастау алған игі шара Түркістан облысының «FARAB» атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздікке тарту» атты ақындардың әдеби кездесуімен жалғасын тапты. Рухани керуеннің мақсаты - көп томдық басылымдардың таныстырылымында елімізге белгілі өлкеміздің көрнекті тұлғаларының өлеңдері мен таңдамалы шығармаларын насихаттау. Бүгінде олардың ізін жалғаушы ақтөбелік ақын-жазушылар қазақ әдебиетінің дамуында өзіндік орындарының бар екендігін көрсету. «Ақтөбе кітапханасы» сериясы - кейінге қалдырар қымбат мұраның бір бөлшегі. Сондықтан да бұл мұраның Түркістан тұрғындарына жеткізіп, екі елдің рухани байланысын нығайту.
- 426
11 қараша күні С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімшесі «Тәрбие турасындағы сыр» атты ашық сұхбат алаң шарасын ұйымдастырды. Мақсаты - жас ұрпақтың өзінің және қоғамның алдында, өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезіну, дүниетанымын қалыптастыру, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін құрметтеу, отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру, жаңа идеялар арқылы болашаққа баянды қадам жасап, еліміздің дамуына үлес қосу болып табылады.
- 344
10 қараша күні«Қазақстанның оқырман ұрпағы-2021» акциясы аясында белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, «ДАРЫН» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Саринмен «Bookdating» әдеби онлайн сұхбаты «ZOOM» платформасында тікелей эфирде өткізілді.








.png)










